menu
Жабу

Кеңес ал!

ЖК «Заурбеков»: мемлекеттің қолдауымен даму жолы

Жаңалықтар
04.07.2025

Жеке кәсіпкер Заурбеков Руслан Бегасырұлы 2018 жылдан бастап Қазақстандағы құрылыс материалдары нарығында еңбек етіп келеді. Негізгі бағыты – жоғары сапалы ағаш материалдары мен металл прокатын өндіру және сату. Барлық өнім МемСТ және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді, Ресейдегі сертификатты компаниялардан тікелей жеткізіледі, сапа бақылауынан өтеді және фитосанитария сертификаттары бар.

Бірнеше жыл бойы компания өндірістік базаны жалға алып жұмыс істеді, бұл қойма логистикасын, өңдеу мен жөнелтуді тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Алайда, тұрақты дамуға ұмтыла отырып, кәсіпкер өзінің өндірістік базасын сатып алу туралы шешім қабылдады.

2021 жылы ол мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «Банк ЦентрКредиттен» 14,5%-бен несие алды. Сыйақы мөлшерлемесінің ішінде кәсіпкер тек 6%-ын төлейді, ал қалған 8,5%-ын мемлекет субсидиялады.

Мемлекеттік бағдарламалармен табысты жұмыс тәжірибесі кәсіпкерді одан әрі дамуға ынталандырды: 2023 жылы ол айналым қаражатын толықтыру мақсатында тағы да қолдау сұрады. Қаржыландыру «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша осындай тиімді шарттармен берілді. 21% мөлшерлеменің кәсіпкер тек 8%-ын төледі, ал 13%-ын «Даму» Қоры өтеді. Сондай-ақ, екі өтінім бойынша да «Даму» Қоры ішінара кепіл түрінде кепілдік беріп, бұл жобалардың қаржылай тұрақтылығын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.

ЖК Заурбеков клиенттерге кең ассортимент, икемді серіктестік шарттары, жеткізілімге көмек және жеке көзқарас ұсынады. Кәсіби команда сапалы қызмет көрсетеді, барлық сұрақтарға кеңес береді және жылдам жөнелтуді ұйымдастырады.

Жауапкершілік, клиентке бағдарлану және сенімділік ЖК Заурбековке саланың берік орнын иеленіп, өз клиенттері мен өңір экономикасының игілігі үшін биік мақсаттарға сенімді қадам басуға мүмкіндік берді.

Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 293

+7 (702) 770-26-10

insta: @pilomateriali_petropavl