Кеңес ал!
Шымкент қаласында «Өрлеу» бағдарламасы аясында алғашқы жоба сәтті жүзеге асты. Қолдауға ие болған жоба — науат пен жасанды кондитерлік бал өндіретін «Bashpay» ЖШС.
Жасанды бал — арасыз дайындалатын тәтті тағам. Ол торт, бәліш және тоқаш секілді кондитерлік өнімдерді жасау барысында кеңінен қолданылады. Өзінің қасиеттеріне орай, бұл өнім қанттың толыққанды баламасына айналып, дайын өнімнің тұрақты дәмі мен сапасын қамтамасыз ете алады.
«Bashpay» компаниясының өндірістік процестері заманауи технологияларға негізделген, қатаң сапа бақылауынан өтеді және сертификатталған стандарттарға сай келеді. Бұл өнім дәмінің тұрақтылығын әрі жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2025 жылы компания «Өрлеу» бағдарламасына қатысу арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан жылдық 12,6% жеңілдетілген мөлшерлемемен айналым қаражатын толықтыруға арналған қаржыландыру алды.
Бұған дейін «Bashpay» ЖШС – «Ұлттық жоба» және «Бірыңғай кешенді бағдарламаға» қатысып, «Даму» қорынан пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түрінде қолдау алған. Бұл шаралар компанияға өндірісті кеңейтіп, цехқа арналған коммерциялық нысан сатып алуға және айналым қаражатын нығайтуға мүмкіндік берді.
Мекенжайы: Шымкент қаласы, 190 кварт., Жаңақұрылыс көшесі, 2155-үй
Байланыс: +7 776 306 10 10
Instagram: @bashbay.kz