menu
Жабу

ИП «Гамидова» «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша қолдау алды

Жаңалықтар
19.09.2019

 «Гамидова» ЖК бес жылдан бері кондитерлік өнімдер шығарумен айналысады. Компания басшысы Гамидова Меристан 2014 жылы 17 қаңтарда кәсіпкерлік нысанын тіркеген. Алдымен «Даму» қорының қолдауын пайдаланды.

6.jpg

Өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлерді қолдауға арналған «Даму Өндіріс» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Гамидова Меристан «Банк ЦентрКредит» артықылы 6%-дық несиеге қол жеткізді. Даму Қоры кепілзат жетіспейтін бөлігі үшін кепілдік берді. 

5.PNG

Алғашқы жылы тауар айналымы 4 миллион теңгені құраса, бүгінде 13 миллион теңгеге жетті. Яғни айналым төрт есе өсті. Компанияда 25 білікті маман жұмыс істейді. Бұл - өнім сапасына кепілдік береді. Биыл компания «Ulttyq onim» байқауына қатысты.

7.PNG

Кә⁠сіпкерден лайфхактар: 

1. Табыс құпиясы: Ниет, білім, әрекет. Жетістікке жетуде ешқашан тоқтамаңыз.

 

2. Өнімнің сапасы жоғары болуы керек. Мақсат қойыңыз, сапаға жұмыс істеңіз. Бастапқыда аз табыс табуыңыз мүмкін. Бірақ сіз беделіңізді арттырасыз. Сапалы өнім әрдайым өз тұтынушысын табады. Бұл сіздің жетістігіңіздің екінші жартысы. Тәжірибелі кәсіпкер үшін ақшадан сапа қымбат.

 

3. Нарықпен бірге дамып отыру керек. Мұны бірінші реттен ешкім жасап кете алмайды. Немесе екінші жолы. Немесе жиырма үшінші жолы. Нарық үнемі өзгеріп отырады, былтырғы жұмыс бұған сәйкес келмеуі мүмкін. Егер сіз нарықты дамытпасаңыз, сіз сәттіліктің шыңында бола алмайсыз. Өзіңізді бір идеямен немесе бастапқы бизнес жоспармен байланыстырмаңыз.