Алматы облысының кәсіпкері мемлекеттік бағдарлама бойынша бизнес аясын кеңейтіп келеді

Жаңалықтар
11.07.2017

Ильмира Хакимова өзінің кәсіпкерлік қызметін 1999 жылдары Талдықорған қаласында шағын кафені жалға алып бастаған. Содан тірнектеп жинаған қаражатына қаланың орталығында өз кафесінің құрылысын салды. Кейіннен ол бизнесінің аясын кеңейтіп, кондитерлік бұйымдар пісірумен де айналыса бастады. 2010 жылы қалада әйгілі «Фортуна» кафесі ашылғаннан кейін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша кәсіпкер жұмыс істеп істеп тұрған дайын аспаздықты сатып алып, жаңа құралдармен жабдықтады. «Береке» аспаздығының «Fortuna Food» маркасылы өнімдері көпшіліктің сұранысына ие бола бастады.


«Бизнеспен айналысқаныма көп болды. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатыса отырып, біздің аспаздық бизнесіміз дами бастады. Біз өнімдерді өз дүкендер мен кафелер арқылы өткізе бастадық. Жеке тапсырыстар ала бастадық. «Даму» Қоры арқылы мен несие ғана алып қоймай, Қордың оқу бағдарламалары бойынша шетелде тағылымдамадан өте алдым», – дейді Хакимова Ильмира.


Ильмира бұл жолы бизнесін кеңейту мақсатында коммерциялық ғимарат сатып алуға, нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдар өндірісі бойынша цех ашуға кезекті қаржысын алды.


Хакимова Ильмира ЖК «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасы бойынша 6% мөлшерлемемен 168 миллион теңге алды. Кәсіпкер оның үстіне «Даму» Қорының кепілдемесін де алды.

Айта кету керек, кәсіпкер Хакимова Ильмира «Даму» Қорының қаржылық және қаржылық емес «Бизнестің жол картасы-2020», «Өндіріс», «ШОБ топ - менеджментін оқыту», «Іскерлік байланыс» бағдарламалардың белсенді қатысушысы. Сондай-ақ «Даму-Көмек» жобасы бойынша демеуші болды.