info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Астанада тағы да бір заманауи қонақ үй ашылды

Жаңалықтар
11.07.2017

Астанада The ONE атты жаңа қонақ үй ашылды. Жаңа ғимарат қаланың қақ ортасында орын тепкен. Терезесінен Есіл өзенінің жағалауы және саябақ аймағының әдемі көрінісі алақандағыдай көрінеді.


«Даму» қоры несиенің 7 пайызын субсидиялау арқылы қолдау көрсетті.

Hotel The ONE еуропа стилінде, айрықша интерьер, дизайнмен әсемделген.


Қонақүйде 44 бөлме бар. 25 Standart, 8 deLuxe, 10 Luxe және 1 Premium бөлмені қосқанда (220 ш.м) аумақты алып жатыр. Барлық бөлмелерде қайталанбас дизайн бар, заманауи жайлы жабдықталған және қонақтар керек-жарағы барынша қолайлы.


Еуропа тамағын бағалайтындар үшін De Paris мейрамханасы бар. Арнайы жасалған 20 есе кіші әйгілі Эйфель мұнарасы да орын тепкен

Hotel The ONE семинарлар, тренингтер, ұсынуларды өткізу үшін заманауи жабдықталған конференц-зал да ұсынады.

7 қабатта орналасқан қонакүй SPA-студиясында қонақтар үшін хамам, сауна және басқа да демалыс бөлмелері қызмет жасайды.

Белсенді өмір салтын қалайтын қонақтар үшін The ONE қонақүйінің 7 қабатында Intenza компаниясының «премиум» санатты барлық сауық орталықтары бар. (музыка, видео, әлеуметтік желіде байланысу, виртуалды ландшафта саяхат) Кәсіби кардиотренажерлары бар фитнес-студия орналасқан.