Бүгін кәсіпкер Анафина Анар Шоқанқызы бизнес бастаймын деушілерге өз тәжірибесінен кеңес береді.
«Бұл 3 кеңестің мен үшін маңызы қандай? Кез келген іс армандаудан басталады. Ойға алған іс түбінде бір әрекетке алып баратыны сөзсіз. Содан кейін мақсатқа ұмтылады (swot - анализ). Бұл - ең маңызды сәттердің бірі. Содан кейін ғана екінші кеңестегідей бизнес-жоспар немесе қысқа стратегияға қарай ауысады. Мұнда біз әр қимылымызды есептеп, deadline белгілейміз. Менің ойымша, нақты іс-қимыл жоспарынсыз әрекетке бару – қателік. Менің бұл 3 кеңесім де жауапкершілікке үндейді. Мен бизнес ашқанда тәуекелдің салмағын түсініп, ақшаны қайтару керектігін, серіктестерді жерге қаратпай, жаңа әріптестерімнің алдында зор жауапкершілігім бар екенін түйсіндім. Жалпы кәсібім балаларға қатысты болғандықтан, менің әр қадамым жауапкершілік болуы керек», - дейді кәсіпкер Анафина Анар Шоқанқызы.
Анар Шоқанқызы 2018 жылдың сәуір айында Көкшетауда екі қабатты тұрғын үйді жалға алып, «Қайнар» балабақшасын ашты.
2018 жылдың тамыз айында Анар «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы 6 000 000 теңге несие алды. «Даму» Қоры 2 800 000 теңгеге кепілдік берді және «БЖК 2020» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында несие пайызын субсидиялады.
Несие қаражатына кәсіпкер балабақша ғимаратына жөндеу жүргізіп, бейнебақылау орнатып, балаларға ойыншықтар сатып алды. Қазір балабақшада мемлекеттік тапсырыс бойынша бала қабылдайтын 3 топ, 2-3 жасқа дейінгі 2 коммерциялық топ бар. Негізгі оқу бағдарламасына қоса хореография, музыка, шет тілдері және емдік дене шынықтыру бойынша қосымша сабақтар өтеді.
Мекенжай: Көкшетау қ, Потанин көш, 39Б үй 1; тел. 8(7162) 25-10-02; инстаграмм: sadik_kaiynar