Осы кезең ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» БҚмДББ аясында 1,3 млрд теңгені құраған 40 жоба субсидиялау, 356,5 млн теңгені құрайтын 24 жоба кепілдік беру бағытында мақұлданды.
Қаржыландырылған жобалардың ішінде «Вкусная Корзинка» ЖШС, «Юг-Шинторг» ЖШС, «Халмат Бетон» ЖШС, «Агропродхлебснаб», «Куликовский Молочный Продукт» ЖШС сияқты ірі компаниялар бар және т.б.
2017 жылдың 2 тоқсанында қаржылай емес қолдау аясында Тараз қаласының Кәсіпкерлікті қолдау орталығында 1167 мемлекеттік бағдарламалар құралдары туралы консультация өткізілді. Аудандарында кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары бойынша 240 консультациялық жұмыс атқарылды. Қордың қаржылық құралдарын алуға 29 Кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларының өтінімдері екінші деңгейдегі банктердің мақұлданғанғанына дейін сүйемелденді.
«Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 4 адамға демеушілік көмек көрсетіліп, «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» жобасы щеңберінде 46 адам дәріс алды. «Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебі жанында ШОБ-пен жұмыс істеп жүрген жетекшілердің құзіретін көтермелеу мақсатында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 25 өтініш қабылданды, оның ішінде 14 кәсіпорынның жетекшісі дәріс алды.