Қостанай облысында мемлекеттің қолдауымен құрылыс материалдарын сататын жаңа дүкен ашылды

Жаңалықтар
13.07.2017

Олег Шелест 13 жылдан бері бизнеспен айналысады. Негізінен Қостанай облысы Федоров ауылында «Компьютрон» жеке дүкені арқылы халық тұтынатын тауарларды сатады. Дүкенде тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, тұрмыстық техника сатылады.


Жақында Олег Валерьевич ғимаратты сатып алып, жөндеу жұмыстарын жасап, құрылыс материалдарымен сауда бастау туралы шешім қабылдады. 2016 жылы Олег Валерьевич Қостанай қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету Орталығына несие алу үшін өз жобасына қолдау көрсетуді сұрап хабарласты. Толық құжаттарды жинап, бизнес-жоспар құрғаннан кейін Халық Банкіне несие алу үшін өтінім берді.



 Банк жобасын қолдап жылына 19%-бен 8 млн теңге несие берді. Олег Валерьевич «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысуға өтінім берді. Соның арқасында енді несие мөлшерлемесінің 9%-ын ғана төлейді. Өйткені 10%-ын мемлекет субсидиялайды.


Кәсіпкер құрылыс материалдарын, электр тауарларын, лак-бояу жабындарының, түсқағаздарды, еден төсемдерін, тоқыма бойынша жаңа дүкенді ашты. Дүкен аумағында абаттандыруды жүргізген. Несие алғаннан кейін Олег Валерьевич қосымша 4 жұмыс орнын ашты. Алғашқы күндерінен бастап дүкен Федоров аулының жергілікті тұрғындары арасында ғана емес Федоров ауданында да танымал болып кетті. Тұрғындардың бәрі риза, өйткені құрылыс тауарлары үшін аудан аумағынан тысқары барудың қажеті жоқ, енді барлығы жандарында орналасқан.