«Даму» Қорының Павлодар облысы бойынша аймақтық филиалы 2017 жылдың жарты жылын қорытындылады

Жаңалықтар
14.07.2017

Бұл уақыт аралығында «Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында 5,2 млрд теңгенің 64 жобасына субсидиялау бойынша қол қойылды. 135 948 339,42 теңге субсидия төленді.

«Бизнестің жол картасы 2020» Бірыңғай бағдарламасы аясында кепілдендіру жобалары бойынша 493,2 млн теңгеге 26 кепілдендіру шартына қол қойылды. Кепілдік сомасы 178,5 млн теңге, 35,7 млн теңге қордың табысы болып табылады. Бұл құрал «Банк Kassa Nova» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Bank RBK» АҚ-ның филиалдары ең белсенді пайдаланылады.

«Назарбаев Университеті» АҚ бизнестің Жоғарғы мектебі негізінде шағын және орта бизнес басшыларының бағдарлы біліктілігін арттыру мақсатында «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментін оқыту» Жобасы бойынша оқуға 9 кәсіпкер өтінім берді.

Қордың облыстық филиалы қаржылық емес қолдау бойынша аймақ кәсіпкерлерінің құзырет деңгейін арттыру мақсатында белсенді жұмыс жүргізілуде – жаңа ісін ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлерге арналған «Жаңа бизнесті ашуды қолдау» оқыту жобасының аясында 40 адам оқытылды.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) құқықтану, кәсіпкерлерге және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік мәселелері бойынша бизнесті мемлекеттік қолдау сұрақтары бойынша 2 344 астам кеңес беру қызметі көрсетілді, сонымен қатар 28 кепілдендіру бойынша жоба ЕДБ мақұлдағанға дейін сүйемелденді.