«Даму» Қорының Атыраудағы аймақтық филиалы 2017 жылдың 2 тоқсанын қорытындылады

Жаңалықтар
17.07.2017

Атырау облысында «Бизнестің жол картасы 2020» Бизнесті дамыту мен қолдаудың біріңғай бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері, бағдарлама аясында субсидиялау бойынша барлығы 60,2 млрд теңге көлемінде 454 жоба мемлекетік қолдауға ие болды.

2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша несие сомасы 1,805 млрд тенгенің 40 субсидиялау шартына қол қойылды.

Ең көп жобалар Жылыой ауданы мен Атырау қаласында қолдау тапты.

2017 жылдың 2 тоқсаны қорытындысы бойынша Атырау қаласында субсидиялауда «Банк Центр Кредит», АҚ «Қазақстан халық банкі», АҚ ДБ «Ресей Жинақ Банкі» банктері белсенділік танытты.

Бағдарламының жүзеге асыру аясында несиенің жалпы сомасы 5,991 млрд теңгені, Фондтың берген кепілдендіру сомасы 2,732 млрд. теңгені құрайтын 209 жобаға қол қойылды.

2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша несие сомасы 947,976 млн. теңгені құрайтын 31 жобаға кепілдік берілді. Кепілдендіру сомасы 380,3 млн. теңгені құрады.

Қаржыландырылған жобалардың арасында кепілдендіру бойынша көп қамтығаны Жылыой ауданы мен Атырау қаласы.

Атырау облысында 2017 жылдың 2 тоқсаны бойынша кепілдендіру құралдарын жүзеге асыруда «Банк Центр Кредит», АҚ «Қазақстан халық банкі», АҚ ДБ «Ресей Жинақ Банкі» банктері белсенділік танытты.

Сонымен қатар «Даму» Қоры кәсіпкерлерді Қаржылай емес қолдауда бағыты бойынша да жұмыстарын жалғастырды.

«Назарбаев Университеті» АҚ Жоғары бизнес мектебі жанында ШОБ-пен жұмыс істеп жүрген жетекшілердің құзіретін көтермелеу мақсатында «Шағын және орта бизнес топ-менеджментін оқыту» жобасы аясында 11 кәсіпкер оқудан өтті.

«Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» жобасын іске асыру шеңберінде 28 адам оқытылды. Оның ішінде 9 адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелді.

2017 жылдың 1 жарты жылдығында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында (КҚКО) 2164 тұлғаға 3591 кеңес беріліп, қызмет көрсетілді.

«Даму – Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі 2 кәсіпкер спонсорлық көмекке ие болды.

Атырау мемлекеттік Х.Досмұхамедов атындағы университетінде " Startup Академиясы" жобасы аясында 35 адам оқытылды, соның ішінде байқауға 14 стартап жоба ұсынылды