Павлодар «Гипер продукт» ЖШС 2015 жылы құрылған. Өндіріс негізінен картоп өңдеумен, қоймаға салумен айналысады. Фри жасау секілді өндірістік мақсаттарға тек қана Павлодар облысының алқаптарында өсірілген отандық көкөніс сұрыптары пайдаланылады.
Бір жыл өткен соң компания мемлекеттен қолдау алуды ұйғарады. Құрал-жабдық сатып алу үшін банктен 6 млн және 14 млн теңге көлемінде екі несие алды. «Даму» Қоры 5,1 млн және 11,9 млн теңгеге кепілдік берді. Яғни ЖШС ісін жаңа бастаған ретінде несие сомасының 85% мөлшерінде кепілдікке қол жеткізді. Бұл ақшаға жылдам қатыратын камера, кептіретін конвейер, жуу желісі және картоп жылтырататын камералар сатып алынды. Бұл жабдықтар компанияға айына шамамен 300 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта компания өнімдерін «Рататуй» сауда белгісімен көруге болады.