Кеңес ал!
2017 жылы Жұлдызгүл Тәжіқұлова кәсіп бастауға бел буып, қолында бар 3 миллион теңгені салып, үш қызметкер жалдап шеберхана ашты. Маңғыстау өңірінде ешкім айналыспайтын – қол кесте төгілген @kurak_korpe_gauhar брендінің негізі осылай қаланды.
Әр бұйым жай ғана тауар емес, ұлт мәдениетінің бір бөлшегі. Әсіресе авторлық стильмен тігілген «Этно бай» және «Текемет» атты үлгілер қазір көпке танымал. Сапа мен табандылықтың арқасында Kurak korpe Gauhar тек Маңғыстауда ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша танымал әрі сенімді брендердің біріне айналды.
Соңғы жылдары бизнес қарқынды дамыды: команда 3 адамнан 10 адамға дейін өсті, табыс 50–70%-ға артты, екінші цех ашылды, әлеуметтік желілерде 150 000-нан астам жазылушы бар. Алғашқы жылдары ең үлкен қиындық — тұтынушы табу болатын.
Мұндай дамуға үлкен серпін берген – «Даму» қорының субсидиясы. «Қазақстан Халық Банкі» -тен алған несиенің мөлшерлемесін азайтудың арқасында кәсіпкер жеке коммерциялық ғимарат сатып алып, тұрақты өсудің берік негізін қалады.
«Егер істі жүрекпен жасасаң – ол жай ғана бизнес емес, одан әлдеқайда үлкен нәрсеге айналады», – дейді Жұлдызгүл Тәжіқұлова.
г. Актау, 17 мкр., 99 дом
+7 (701) 778 88 96
Инстаграм: @kurak_korpe_gauhar