menu
Жабу

Петропавлда жаңа сүт зауыты ашылады

Жаңалықтар
06.11.2019

Петропавлда жақында жаңа сүт зауыты ашылады. «ЭкоМол Сергеевка» ЖШС сүт өңдеу кәсіпорынын іске қосып, қала мен облыс тұрғындарына жаңа сауылған сүттен жасалған өнімдер жеткізуді бастайды. Қазір іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде.

«ЭкоМол Сергеевка» ЖШС директоры, жас кәсіпкер Рашитова Альбина Самажанқызы өткен жылы табиғи сүт зауытын ашу жайлы ойға келген. Оған сөрелердегі сүт қоспасы ғана бар жартылай табиғи өнімдердің көптігі түрткі болған. Альбина облыстағы шаруа қожалықтарынан сүт сатып алып, тек табиғи сүттен өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

VAD_0405.JPG 

Жаңа зауытқа қажетті жабдықтар алу үшін кәсіпкер «Даму» Қорының кепілдігімен, «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы несие алып, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемесін субсидиялады.

VAD_0408.JPG 

Зауыт тәулігіне 10 тоннаға дейін сүт өңдей алады. Жыл соңында облыс орталығының сауда нүктелерінде «ЭкоМол Сергеевка» ЖШС шығаратын сүт, қаймақ, іркіт, ірімшік және сары май пайда болады.