menu
Жабу

Павлодарлық жарма өндіруші компанияға «Даму-Өндірістің» қолдауы

Жаңалықтар
22.11.2019

Енді Қазақстанда шыққан жармалардың дәмін Ауғанстан тұрғындары да тата алады. Қазақстан нарығымен қатар ТМД елдері және Ауғанстанға жарма экспорттап отырған «Царская Каша KZ» компаниясын 2001 жылы Жолнеркевич Олег Александрович құрды.

Олег Александрович өндірістің барлық процесін жақсы біледі. Бизнестегі әріптесімен бірге әу баста Шарбақты ауданы Красиловка ауылынан тары өңдейтін құрал-жабдықтар жинап, біраз уақыттан кейін Шарбақты ауданының Сосновка ауылынан база сатып алып, оған жабдықтарды құрастырып, орнатқан. Әрі қарай цех, қойма, кеңселер салады.

29-05-2019 - Zavod - 5.jpg⁠ 

Бүгінгі күні Шарбақты ауданында жарма (арпа, арпа, тары) шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Кәсіпорынның шикізат пен дайын өнімге арналған өз қоймалары бар.

 

2016 жылы кәсіпорын «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша «Нұрбанк» АҚ арқылы 6 пайыздық несие алып қарақұмық жармасын шығаратын желіні іске қосады. Қарқынды дами келе 2019 жылы «Царская каша KZ» құрылды.

 

Зауыт тәулігіне 30 тоннаға дейін дайын өнім шығарады. Шикізатты компания Павлодар облысының ауыл шаруашылық өндірушілерінен сатып алады. Ал дайын өнім Қазақстан, ТМД елдері және Ауғанстан секілді шет елдерге жеткізеді.

 

«Царская каша KZ» ЖШС

Директор: Жолнеркевич Олег Александрович

Мекенжайы: Павлодар, Малайсары Батыр 13  

+7 (7182) 62‒77‒01