Солтүстік Қазақстан облысы, Тайыншы ауданы, Ильичевка ауылында майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылды. «Тайынша май» ЖШС - заманауи қондырғылармен жабдықталған заманауи ауылшаруашылық кластері. Кәсіпорын республикадағы майды қайта өңдейтін жалғыз зауыт.
«Тайынша-Май» ЖШС зауытының Қазақстан экономикасы үшін маңызы:
ТМД-дағы 300 мың тонна рапс өңдейтін жалғыз зауыт;
100% экспортқа өнім шығаратын компания. Қазақстандағы ірі экспорттаушы 9 компанияның бірі;
Қазақстанның инвестициялық картасына енген.
«Даму» қоры мен «Forte Bank» АҚ қолдауымен компания «Қарапайым заттар экономикасы» атты басым жобаларды несиелеу бағдарламасы бойынша алған несиесінің 9%-ын субсидиялады. Инвестиция мен айналым капиталын толықтыруға арналған несиенің төлеуге қалған мөлшерлемесі 6% құрайды.