Ақтаулық «Fine Interior» ЖШС жеті жылдан бері жиһаз жасаумен айналысып келеді.
«Бизнестің бұл саласында бәсекелестік өте жоғары. Елдегі өкшебасар кәсіпорындармен, бұрын құрылған компаниялармен иық тірестіре алуың керек. Шет елден келетін жиһаздар легі де оңай емес. Бұл істе табысқа жетіп, кірісті ұлғайту – тек өзіңе байланысты. Яғни, еңбекқорлық пен үнемі соны өзгерістерге ұмтылып отыру керек. Әсіресе құрал-жабдықтарды жаңартып отыру маңызды», - дейді Данияр.
Дәл осы жабдық алу, ісін кеңейту мақсатында кәсіпкер «Даму» қорының қолдауын пайдаланды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бойынша Ізбасаров Данияр «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 6 пайызбен 10 млн теңге көлемінде қаржы алды. «Даму» қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігі үшін кепілдік берді.
18 адамды жұмыспен қамтып отырған компанияда білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл - өнім сапасының кепілі.
Байланыс тел: 8 701 013 00 07