28 – 31 шілде аралығында Астана қаласында отандық тауар өндірушілердің «Ұлы дала елі» атты ІІІ Форумы өтті.
Форум аясында отандық тауар өндірушілердің «Қазақстанда жасалған» атты көрме-жәрмеңкесі де өтті.
«Даму» қорының Алматы қалалық филиалы жеңіл өнеркәсіп саласынан 12 кәсіпорынды ұсынды.
Олардың қатарында экспорттық өндіріс бағытындағы, жаңа жұмыс орындары мен мекемелерін ашатын ірі мекемелермен қатар, 3-5 қызметкері бар шағын старт-ап компаниялар да бар. Осыған қарамастан, олардың өнімдері тұтынушылар арасында қазірдің өзінде өте танымал.
Атап айтқанда: «Семирамида» ЖШС, «Kaz СПО-N», «Aigul Line», «КazComfort» ЖШС, «2 шебер», «Қадам», «АKKU Corporation», «Производственная компания Insperation», «Курмашева Н.О», «Ворогушин», «Ак Отау», «Assul Mura» секілді жеке кәсіпкерлік серіктестіктері бар.
Көрме жоғары деңгейде өтті. Бұған дәлел ретінде кәсіпкерлер мен қонақтар арасындағы қызу байланысты айтуға болады. Біз отандық кәсіпорындарға жетістік мен өркендеу тілейміз!