«Алем БТ» ЖШС — Шымкент қаласындағы өз өндірісінде жоғары сапалы жабдықтарды пайдаланатын, «бизнес» және «эконом» санатты шұлық шығаратын ірі кәсіпорын. Фабриканың жалпы ауданы 12000 ш. м. құрайды және оның Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. Жылына 15 млн жұп шұлық Корей технологиясы бойынша шығарылады.
Фабрика бояу цехы мен синтетика жіп шығаратын қосымша жабдықтар сатып алды. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, алуан түрін ұсынуға мүмкіндік береді.
«Бастапқыда иірілген жіп түссіз болады. Оны қажетті түске өзіміз бояймыз. Егер біз белгілі бір түсті жіп сатып алсақ, біздің шұлықтар бағасы 150%-ға қымбат болар еді. Біз шұлықтарды халықтың қалтасы көтеретіндей бағада ұстап тұруға тырысамыз. Мысалы: 80-300 теңге аралығында. Қазір Қазақстан нарығында Түрік және Қытай шұлықтары көп. Ірі көлемде көтерме сатып алушылар «Made in Kazakhstan» белгісі бар шұлықтар сапасына сенім білдірмеген кездер де болды. Бірақ біз өнім сапасының мықты екенін дәлелдеп, шұлықтарды өткізу ісін жолға қойдық», – дейді кәсіпкер Нұрсұлтан Балабиев.
Компания табиғи шикізаттан балалар, ерлер және әйелдер киетін шұлықтарды бірегей технологияларды қолдана отырып шығарады. Атап айтқанда:
«stay healthy». Шұлыққа жұмсақ резеңке салынады. Бұл - қан тамырларын қыспайды және аяқтан сыпырылып қалуға да жол бермейді. Қарт адамдар, қант диабетімен ауыратындар және қант тамырлары кеңейген жандар үшін ыңғайлы;
жіптер ОН YOUNG INDUSTRIAL CO LTD корей фирмасының табиғи бояқтарымен боялады. Яғни, шұлыққа ЭКО белгісін қоюға мүмкіндік бар.
«Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпорын шұлық фабрикасын салуға және оңы іске қосуға Forte Ваnkтен 13%-бен несие алды. Оның 5,2%-ын «Даму» Қоры субсидиялайды.
2017 жылдың маусым айынан бастап ребрендинг жасалып, «Әлем БТ» ЖШС бренді - «ALEM socks» болып шыға бастады.
Өнімдер туралы толығырақ: www.alemsocks.kz
Телефон: +7 (778) 008 00 70, E-mail: sales@alemsocks.kz