Серікбай Бисекеевтің өмір жолы Қостанай облысындағы Қамысты ауылынан басталды. Бүгінде ол – өнімі бүкіл әлем бойынша ірі корпорациялар тарапынан сұранысқа ие халықаралық холдингтің иесі. Ауылдың қарапайым баласы сол кезде осыны армандай алды ма? Немесе Ресейде «Жыл кәсіпкері – 2012» атағына ие болам деп ойлады ма? Серікбай Бисекеевтің өмір жолы – шын ниеті, талабы болса, әрбір адамның барлық мақсатына қол жеткізе алатынының куәсі.
Тамыр-таныссыз, бастапқы капиталсыз, бөтен елде, 90-жылдардағы нарық кезінде... Ол өз жолын бастаған кездегі жағдай осындай болатын. Алайда мұның бәрі оған кедергі бола алмады.
- «Бәрі де өз қолыңда» деп аталатын ғұмырнамалық кітабымда мен өзіме табысты кәсіпкерге, еркін әрі бақытты адамға айналуға көмектескен өмірлік ұстанымдарды топтастырдым. Онда оқырманмен ашық әңгімелесіп, өз қателіктерім туралы бүкпесіз жайып салдым. Жетістікке жетудегі құпияларыммен бөлісіп, іс жүзінде қолдануға жарайтын кеңестер бердім. «Жетістікке жету күнделігін» 12 жасымнан бастап толтырып келе жатырмын. Онда мансап, бизнес, отбасы және т.б. сияқты өмірінің маңызды салаларында тепе-теңдікті сақтаудың тәсілін жазып отырдым. Кітабымен және күнделігімен оқырмандарды жетістікке жетуге қанаттандырып, өз күштеріне деген сенімдерін нығайтпақшымын. Әрбір адамның өзін-өзі дамытып, өмірден өз орнын тауып, ешнәрсеге қарамастан, бақытты бола алатынына сенімдімін. Бұл жолда білім мен біліктілік, армандау және алға мақсат қою, табандылық пен нақты жоспарлау көмектесері сөзсіз,- дейді Серікбай Бисекеев.
Алматыдағы тұсаукесерден кейін автор Астанаға аттанып, онда 15 сәуір күні «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті ұйымдастырған ХІ Халықаралық HR конференциясы аясында елордалық аудиторияға өз кітаптарын таныстырады, қолтаңбасын береді. (Marwin дүкенінде. Меломан, ТРЦ «MEGA Astana»)
«Бәрі де өз қолыңда» кітабы мен «Жетістікке жету күнделігін» оқырмандар «Меломан» дүкендері желісінен сатып ала алады немесе оларға www.postmaster.kz сауда алаңы («Қазпошта» АҚ) арқылы тапсырыс бере алады.
Анықтама үшін:
Серікбай Бисекеев – Arman Holding компаниялар тобының негізін қалаушы және президенті. Бүгінгі таңда оның кәсіпорны энергетика және телекоммуникациялар саласындағы интеграциялық шешімдердің халықаралық өндірушісі және жабдықтаушысы болып табылады, сондай-ақ кәсіпорынның Қазақстанда, Ресейде, Сингапурда, Германияда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Үндістанда өкілдіктері мен өндіріс орындары бар.
1994 жылы Серікбай Ленинград Политехникалық институтын бітірді.
Коммерциялық қызметпен студент кезінде-ақ айналыса бастаған. Дәл сол жылы Ресейде GSM стандартты ұялы телефондарды сату бойынша өзінің алғашқы бизнесін құрған. 2000 жылы Санкт-Петербордағы Стокгольм бизнес мектебінде кәсіпкерлерге арналған арнайы бағдарламаны тәмамдады.
2000 жылдан бастап өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған диспетчерлік байланыстың импорттық жабдықтарын сату бойынша жобасының негізін қалады. Бес жыл ішіндегі ерен еңбектің арқасында ЛУКОЙЛ, «Сургутнефтегаз», «НОВАТЭК», «Газпром нефть», СИБУР және т.б. сияқты ірі ресейлік кәсіпорындардың жабдықтаушысына айналды. Нәтижесінде оның компаниясы өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған шұғыл-технологиялық байланыстың өзіндік өндірісін ТМД-да алғашқылардың бірі болып іске қосты.
2012 жылы Серікбай Бисекеев халықаралық Ernst & Young аудиторлық-консалтингтік компаниясының тұжырымы бойынша B2B аталымында Ресейдегі «Жыл кәсіпкері» атанды.
2013 жылдың маусымында Серікбайға «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша Вице-президенті мәртебесі берілді.
2014 ж. шілдесінен бастап «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ,
2015 ж. маусымынан бастап «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ тәуелсіз директоры болып табылады.
Осы дәрежесінде ол өз тәжірибесі мен заманауи ұстанымдарды Қазақстандағы квазимемлекеттік компаниялардың корпоративтік мәдениетіне бейімдей отырып, ірі компанияларды дамытумен айналысады.
Мұнымен қатар тәлімгерлікпен айналысады: жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарында студенттерге арнап өз дәрістерін оқиды, жас кәсіпкерлерге арнап, шеберлік сағаттарын өткізеді, кәсіби форумдарда және конференцияларда сөз сөйлейді.