Солтүстік Қазақстандық кәсіпорын «EXPO–2017» халықаралық көрмесінің павильондарын тұрғызуға қатысқан.
«Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС он жылдан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы на қатысып келеді. Ол мемлекеттің қолдауымен несие пайызын субсидиялауға қол жеткізген. Кәсіпорынның мемлекет қаржыландырған жобаларының құны шамамен 880,9 млн теңге. Мемлекеттің қолдауымен сәтті жүзеге асқан бұл жобалардың ішіне сукернеуіш құбыр шығару, темір-бетон зауытын жаңарту және негізгі құралдарды сатып алу да кіреді.
Қазір «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» ЖШС метал шатыр, сэндвич-панельдер және полиэтиленнен жасалған құбыр өндіреді. Он жыл ішінде елімізде және сырт жерлерде осы зауыт өнімдерін қолданып жүздеген ғимарат салынған. Кәсіпорынның танымалдығы мен сапасының дәлелі ретінде «EXPO – 2017» халықаралық көрмесінде салған павильондарын атауға болады.
Құрылыс материалдары зауытында жетпіске жуық адам жұмыс істесе, темір-бетон бұйымдары саласында жүз жетпіске жуық адам еңбек етеді. Петропавл құрылыс материалдары зауыты республикалық және халықаралық беделді байқаулардың «Алтын Сапа» және «Золотой Ягуар» аталымы бойынша марапатталған. 2015 жылы «Парыз» байқауының «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» аталымы бойынша екінші орынды жеңіп алды.
Он жыл ішінде «Петропавл құрылыс материалдары зауыты» 14 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Болашақта тауар көлемін арттырып, нарық аумағын кеңейту жоспарланып отыр. Кәсіпорынның табысты қызметінің негізгі және ең басты факторы - бизнесті мемлекет тарапынан қолдау бағдарламалары деуге толық негіз бар.