«Даму» Қорының қолдауымен «Мир-2001» кәсіпорыны кеңейіп келеді

Жаңалықтар
09.08.2017

«Мир-2001» ЖШС негізінен нығыздалған бетон-құрылыс материалдарын өндіріп, жанар-жағармай сатумен айналысады.


Жаяу жүргішілер жолына төсейтін плиткалар, жол тақталары, аулаға арналған плиталар, жиектас, брусча секілді жоғары сапалы өнімдер компания цехында жоғары технологиялы құралмен шығарылуда. 2015 жылы «Даму» қоры «Мир-2001» кәсіпорынына несие рәсімдеу үшін қажетті кепілдік беріп, соның нәтежесінде компания бизнесін жаңа бағытта кеңейтуге мүмкіндік алды. Бүгінгі таңда компания нығыздалған бетон өнімдерін өндіру жағынан аймақтағы жетекші компаниялардың бірі болып саналады. «Мир-2001» ЖШС директоры Сейфулла Ажмолдаевтың айтуынша, өндірістің жоғары техникалық деңгейі, мамандардың кәсіби деңгейі мен мол тәжірибесі сондай-ақ жергілікті инертті материалдарды пайдалану нәтижесінде кәсіпорын нарықта тұрақтылығын сақтай отырып, ірі көлемде жоғары сапалы өнім шығаруда.


Қазір компания қарқынды дамып, бизнесін әртараптандыруды жоспарлап отыр. Бұл бастаманы «Даму» қоры және «Қазақстан Халық Банкі» қолдады. Кәсіпорын банктен несие рәсімдеу барысында, кепілзат жеткіліксіздігін осы жолы да «Даму» Қорының жартылай кепілдендіру бағдарламасы арқылы шешті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несие бойынша 15,5% пайыздық мөлшерлемесінің 10%-ы мемлекет тарапынан өтеліп, кәсіпорынның борыш жүктемесі жеңілдетілді.


Несие қаражатына компания жаңа қызмет түрін, яғни монша-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отыр. Мемлекеттік қолдау аясында Ақай ауылында монша, массаж бөлмелері, шаштараз және көлік жуу орталығын қамтитын кешен ашылады. Жоба аясында 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Мир-2001» ЖШС еліміздің мемлекеттен қолдау алған үздік 20 кәсіпорынының қатарына еніп, отандық өнім өндірушілердің «Ұлы дала елі» III форумында марапатталды. «Даму» Қорымен бірлескен әріптестік жұмысы нәтижесінде компанияның шығаратын өнім көлемі 15%-ға өсті, қыметкерлердің орташа жылдық саны 20%, ал бюджетке төленетін салық көлемі 10% артты.