Кеңес ал!
2007 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында құрылған «Барыс 2007» ЖШС — Қазақстанның тамақ өнеркәсібіндегі жарқын әрі серпінді дамып келе жатқан кәсіпорындардың бірі. Компания алғашқы күннен бастап тұрақты өсімді көрсетіп, технологиялық жаңашылдықты, сапаның жоғары стандарттарын және стратегиялық дамуды табысты үйлестіріп келеді.
Компания дамуының алғашқы қадамы — Италияның PAVAN Mapimpianti SPA компаниясының заманауи макарон өндіру желісін іске қосу болды. Сағатына 3,2 тонна өнім өндіретін бұл желі кәсіпорынға нарықта өз орнын тез иеленуге және сапа бойынша жоғары межені белгілеуге жол ашты.
2011 жылы екінші өндірістік желі, ал 2014 жылы кондитерлік бағыт іске қосылды. Қазіргі таңда «Барыс 2007» компаниясы үш жоғары технологиялы желіге, соның ішінде IMAFORNI жабдығына және жалпы ауданы 3,25 гектарды құрайтын заманауи өндірістік алаңға ие. Бұл аумақта өндірістік, қоймалық және әкімшілік корпустар, сондай-ақ жеке қазандық орналасқан.
Компания келесі өнім түрлерін өндіреді:
Жоғары сұрыпты ұннан жасалған макарон өнімдері;
Құрғақ нан, печенье және ұннан дайындалған кондитерлік өнімдер;
Минералды су.
Өнімдер «MADINA», «Южная Корона» және «BARYS» брендтерімен шығарылады. «Барыс 2007» өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Пәкістан елдеріне де экспортталады. Автомобиль және теміржол көліктерін пайдалану компанияға икемді әрі сенімді логистиканы қамтамасыз етіп, шетелдік сауда байланыстарын тұрақты түрде кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр.
«Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында компания мемлекеттік қолдау тетіктерін тиімді пайдалануда. Айта кетсек, 2022 жылы Компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан жабдық сатып алуға 21,75% мөлшерлемемен қаржы алып, оның 14,75% бөлігі «Даму» Қоры арқылы субсидияланды. Бұл өндірістік базаны нығайтып, жаңғырту үдерістерін жеделдетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ компанияны жаңа технологиялық деңгейге көтерді. Сондай-ақ, 2024 жылы Компания эмитенттің ағымдағы қызметін қаржыландыру мақсатында айналым қаражатын толықтыру үшін облигациялар шығарды. Бұл жобада да «Даму» қоры сенімді серіктес ретінде әрекет етіп, кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау арқылы қолдау көрсетті.
Бүгінде Компанияда 200-ден астам қызметкер еңбек етеді. Компания басшылығы корпоративтік мәдениетті дамытуға, жайлы еңбек жағдайларын жасауға, кадрларды оқытуға тұрақты инвестиция салып, командалық рухты нығайтуға ерекше мән береді.
«Барыс 2007» — нарықтың соңынан ермей, өз стандарттарын қалыптастырып, болашаққа сеніммен қадам басып келе жатқан табысты қазақстандық компания. Оның тәжірибесі мен табысы — келешек кәсіпкерлер үшін шабыт көзі.
Мекенжайы: Шымкент қ., 226-орам, 186.
Телефон: +7 (7252) 55-62-55
инстаграм: @fabrika_madina