menu
Жабу

Кеңес ал!

Инвестиция қаланы қалай өзгертеді – «Олжа» сауда үйінің табыс сыры

16.07.2025

Қазіргі заманғы қалада жайлы инфрақұрылым – бизнестің тартымдылығы мен халықтың өмір сүру сапасының негізгі кепілі. Марал Тезекпаеваның «Манакбай» корпорациясы ЖШС инвестициялардың тек ғимарат келбетіне ғана емес, сонымен бірге қалалық сауда саласының дамуына қалай оң ықпал ете алатынын нақты мысалмен көрсетті.

Осының жарқын үлгісі – Павлодар қаласындағы танымал сауда орындарыңы бірі – «Олжа» сауда үйін жаңғырту жобасы болды. Инвестициялық жоба аясында ғимараттың қолжетімділігін жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып, лифт шахтасы салынып, заманауи лифт жабдығы орнатылды.

Жобаның нәтижесінде:

Қимыл-қозғалысы шектеулі азаматтар, қарттар және балалар арбасын пайдаланатын ата-аналар үшін барлық қабаттарға толыққанды қолжетімділік қамтамасыз етілді;

Келушілер саны артты, бұл өз кезегінде клиенттер мен жалға алушылардың жайлылығын едәуір жақсартты;

Сауда орталығында экономикалық белсенділік өсті.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 100 миллион теңгені құрады. Бұл жоба «Нұрбанк» АҚ арқылы ішкі сауда субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Кәсіпкер 100 млн теңге сомасында несие алып, жылдық 19,25% мөлшерлемемен қаржыландырылды. Оның ішінде 9%-ын кәсіпкердің өзі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

«Олжа» сауда үйін жаңғырту жобасы «Манакбай» корпорациясының даму жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар жеке бастамалар мен мемлекеттік қолдаудың үйлесімділігі арқылы қолжетімді, заманауи және экономикалық тұрғыдан белсенді қалалық ортаны құруға болатынын дәлелдейтін айқын мысал. Бұл табыс тарихы — тек өзінің кәсібін ғана емес, сонымен қатар айналасындағы қоғамды жақсартуға ұмтылатын кәсіпкерлер үшін шынайы шабыт көзі.

Мекенжайы: Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп к-сі, үй 15

Телефон: 8-707-498-21-74

Instagram:@manakbai_pvl