Кеңес ал!
Митхаус — бұл жай ғана бизнес емес. Бұл — рух күші, аналық қамқорлық пен өз ісіне деген сенім жайлы хикая. Бұл брендтің артында мыңдаған отбасыға пайдасын тигізіп отырған табысты кәсіпке айналған отбасы мәселесін шешкен әйелдің тарихы тұр.
Үш баланың анасы Динара Шукеева кәсіпорынды 2022 жылы құрды. Сол кезде оның отбасы жеке шаруашылығындағы малды тиімді бағада сата алмай, қиындыққа тап болды — сатып алу бағасы өте төмен болғандықтан, бар еңбектің еш кеткені сезілді. Шешім өзі-ақ келді — ет дүкенін ашу.
Бизнес жүргізу тәжірибесі де, баға белгілеу білімі де, тіпті еттің қай бөлігі екенін ажырату туралы түсінігі де жоқ болса да, Динара тәуекелге бел буды. Оның жалғыз артықшылығы — өнім сапасына деген толық сенім болатын. Алайда көп ұзамай түсінді: сапа жеткіліксіз, егер сені ешкім білмесе. Жарнама болмады, білім мен тұтынушылар жетіспеді — бұл жағдай бір ай ішінде шығындарға әкеліп соқты. Жалға алу мен жалақыны төлеуге ақша қалмады.
Соған қарамастан, ол берілмеді. Үйренді, есептеді, ізденді және алға басты. Үш айдың ішінде тұрақты тұтынушылар ағыны пайда болды, ал «ауыздан-ауызға» тараған жақсы пікірлер арқасында Митхаус өнімдерін Орал қаласының тұрғындары мен аспаздар мақтай бастады. Бәрі жақсарғандай көрінгенде, жалға беруші ғимараттың сатылымға қойылғанын хабарлады. Бұл өте ауыр болды. Бірақ жұмыс істейтін аналарға көмектесу мен сапалы тағамды насихаттау миссиясы бұның бәрінен биік еді.
Осылайша үй жағдайындағы жартылай фабрикаттар өндіретін шағын цех ашылып, кәсіпорынның жаңа кезеңі басталды. 2022 жылы «Даму» Қорының қолдауымен кәсіпорын «Қазақстан Халық Банкінен» жабдық сатып алуға несие алды. Несие мөлшерлемесі 21,5%-ды құрады, оның 15,5%-ын мемлекет 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында субсидиялады. Сонымен қатар, кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда, Қор тарапынан ішінара кепілдік те ұсынылды. Басында бір қызметкермен және 50 ш.м. өндірістік орынмен басталған кәсіпорын бүгінде: 250 ш.м. өндірістік цехқа, 12 қызметкерге, екі фирмалық дүкенге, үш серіктес супермаркетке ие. Ассортиментте 35-тен астам жартылай фабрикат түрі бар, соның ішінде қоспасыз табиғи шұжықтар да бар.
Табыстың құпиясы неде? Адалдықта, сапада, еңбекқорлықта және үнемі дамуға ұмтылуда. Үш жылдың ішінде кәсіпорынның кірісі 10 есеге артты. Алдағы жоспарларында — өз өндірістік цехын салу және өнімдерін бүкіл Қазақстан нарығына шығару бар.
«25 жасымда көп ақша тапқым келді, ал 35-те менің миссиям пайда болды: пайдалы тағам — сау ұлттың негізі»,- дейді Динара Шукеева:
«Жеңіске жететін адам — ешқашан берілмейтін адам»
Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, С.Датов көшесі, 39/2; Доспанов көшесі 63
Телефон: +7 705 301 31 01
instagram: meat_house07