Кеңес ал!
Ел сенімін артқан телекоммуникациялық брендті қалай құруға болады?
CUMAN бренді – жай ғана атау емес. Бұл 2005 жылы құрылған "Digital System Servis" ЖШС-нің 20 жылға жуық табанды еңбегі мен технологиялық өсуінің нәтижесі.
Бәрі жеткізу мен техникалық қызмет көрсетуден басталды. Бірақ команда басынан-ақ бұдан да көп нәрсені көре білді – Қазақстанға импортқа тәуелді болудың орнына, телекоммуникациялық жабдықтарды өздігінен өндіру қажет болды. Алғашқы қадамдар оңай болған жоқ. Шағын бастама, энтузиазм, идеяға сенім – және кабельдік телефон және телеграф байланысы үшін аппаратура шығару іске қосылды. Дәл сол кезде салада бірегей болып табылатын жеке зауыттың құрылысы басталды. 2018 жылға қарай кәсіпорын қарқынды өзгеріп жатқан нарыққа бейімделген заманауи құрылғыларды шығара алатын толық циклді өндірісті іске қосты. Компания желіні кеңейтіп, телекоммуникациялық желілерге арналған өзекті шешімдерді қосты және сапаға, инновацияларға және технологиялық тәуелсіздікке баса назар аударды.
Осы философия – үздіксіз даму және бөлшектерге назар аудару – CUMAN табысының негізі болды.
2019 жылдан 2021 жылға дейінгі кезең компания үшін бұрылыс уақыт болды. Ол кезде «Digital System Servis» ЖШС «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қорының қатысуымен» АҚ «Forte Bank» АҚ арқылы қарыздық қаржыландыруды тартты. «Бизнестің жол картасы»бағдарламасының арқасында компания несие бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, қаражатты телекоммуникациялық жабдықтар өндірісін дамытуға бағыттай алды. Бірақ бұл оқиғамен аяқталған жоқ. 2023 жылы кәсіпорын «Forte Bank» АҚ және «ДАМУ»-дың қолдауына қайтадан жүгінді, бұл жолы – модемдер мен коммутаторлар өндірісін кеңейту үшін. Және тағы да – мемлекеттік қолдау шешуші фактор болды: 2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында пайыздық мөлшерлеме 21%-дан 8%-ға дейін төмендетіліп, кепілдік қолдау көрсетілді. Ал 2024 жылы – жаңа қадам алға. Шикізат сатып алу және айналым қаражатын толықтыру үшін «Digital System Servis» ЖШС «Forte Bank» АҚ және «ДАМУ» Қорының сеніміне үшінші рет ие болды, енді Үйлестірілген кешенді субсидиялау бағдарламасы аясында қолдау алады. Бұл шешімдер – жай ғана сандар туралы емес. Бұл жергілікті өндірушіге нығаюға, өсуге және жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берген бизнес пен мемлекеттің стратегиялық серіктестігі туралы.
Бүгінгі таңда «Digital System Servis» ЖШС – бұл жылына 720 000 құрылғыға дейін қуаты бар, 7 500 м² астам аумақты алып жатқан зауыт. Wi-Fi-роутерлерден бастап өнеркәсіптік шешімдерге дейін, үй мен кеңсеге арналған өнімдерден бастап күш құрылымдарына арналған мамандандырылған шешімдерге дейін – мұның бәрі халықаралық стандарттарға сәйкес келетін CUMAN брендімен шығарылады. Желіде INFINITY ITL789, ITL780, ARMAN 1605, SPECTRA AC12-G сияқты модельдер бар. Барлық өнім толық циклдан өтеді: платалардың беттік монтажы, пластик құю, жобалау, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу – бәрі бір кәсіпорынның ішінде.
Digital System Servis компаниясы өзін тек нарықта ғана емес, сонымен қатар ірі индустриялық алаңдарда да белсенді түрде таныстыруда. Және осындай сәттердің бірі тарихқа енді:
2023 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы №1 Индустриялық паркке сапары барысында кәсіпорынның қызметімен және CUMAN брендінің инновациялық өнімдерімен жеке танысты.Бұл жай ғана кездесу емес, болашақ, өнеркәсіп, технологиялық егемендік туралы диалог болды.
№1 Индустриялық паркінің бүгінде өндіріс көлемі бойынша көшбасшылардың бірі және елге инвестиция тартудағы негізгі драйвер болуы кездейсоқ емес. Дәл сол жерде CUMAN отандық өндірушінің неге қабілетті екенін көрсетті.
Бүгінде CUMAN — бұл сенім артатын есім. Компанияның серіктестері арасында ҚР Парламенті, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, ҰҚК Шекара қызметі және тіпті ҚР Президентінің Іс басқармасы бар. Бұл атаулардың артында сертификаттармен, алғыс хаттармен және ең бастысы – маңызды инфрақұрылымдарда жабдықты нақты пайдаланумен расталған сенімнің жоғары деңгейі тұр.
Бірақ құпиясы неде? Неліктен CUMAN-ды таңдайды?
Бұл – әр өнімге сіңірілген құндылықтар жүйесі:
Барлық кезеңде толық бақылау: компоненттерден бастап, соңғы сынақтан өткізуге дейін.
Экологиялық жауапкершілік: қоршаған ортаға ең аз зиян келтіретін өндіріс.
Сыртқы келбет пен функционалдылық: қазіргі заманғы техника ақылды ғана емес, көздің жауын алатындай әдемі болуы тиіс.
Жауапкершілік: тұтынушылар, серіктестер және келешек ұрпақ алдында.
Digital System Servis жабдықтарды жай ғана шығармайды. Ол Қазақстандағы байланыстың болашағын құруда. Еліміздің өз технологияларына арқа сүйейтін келешегін қалыптастыруда. Компания өсуін, жетілуін, жаңа шешімдерді енгізуін және сапа биігін бағындыруын жалғастырады. Себебі алға ұмтылу – мақсат емес, өмір салты. CUMAN жаңа белестерге қарай нық қадам басып, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі технологияларды жасай алатынын дәлелдейді.
Мекен - Жайы: Ақжол Даңғылы, 97/1
Телефон: +7 717 2 474 000
Сайт: cuman.kz
Instagram: @cuman.kz