menu
Жабу

Кеңес ал!

Күйдірілген шыны өндірісіндегі «JS GLASS» ЖШС даму жолы

22.07.2025

«JS GLASS» ЖШС – құрылыс, сәулет және интерьер дизайнында қажет ие жоғары сапалы шыны өндіретін отандық компания. Бірнеше жыл ішінде кәсіпорын заманауи жабдық, технологиялық процес және өнім сапасын жақсартудың арқасында нарықта өз орнын ойып алды.

Тұрақты сұранысқа қарамастан, компания шикізат сатып алу, келісімшарттар бойынша қызмет көрсету және өндіріс көлемін кеңейту кезінде айналым қаражаты үшін қаржыдан қысылды.

Осы мақсатта 2025 жылы «JS GLASS» ЖШС кеңес алу үшін «Даму» қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгінді. Мамандардың кеңесінен соң Компания айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз алу үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға өтінім берді. 1-кепiлдiк қоры аясында берiлген несие сомасының 85% мөлшерiндегi кепiлдiк кәсiпорынға қаржыны қосымша кепiлмүліксіз алуға мүмкіндік берді.

Қаржыны компания шикiзат сатып алу көлемiн 30%-ға ұлғайтуға, өндiрiс желiсінiң үздiксiз жұмысын қамтамасыз етуге, өнiм шығаруды жылына 340 000 шаршы метрге дейiн арттыруға, iрi тапсырыстарды мерзiмiнде және үзiлiссiз орындауға, жаңа жұмыс орындарын сақтауға және құруға жұмсады.

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Үлгілі ауылы, 079-үй, 448-үй.

Instagram: JSGLASS.kz

Facebook: JS GLASS

Моб.тел. +77058466883