Кеңес ал!
«MNS» ЖК – бір станок және арманнан басталған бизнес. Инвесторсыз, атақ-даңқсыз құрылған компания бүгінде тек үйлер салып қана қоймай, Батыс Қазақстан экономикасын құруға да көмектесіп келеді.
2021 жылы Гүлшат Жұмабекқызы Куканова плитка желімін шығаратын өндіріс ашуға шешім қабылдады. Қолында тек бір ғана станок, екі қызметкер және 8 миллион теңге инвестиция болды. Бұдан не шығуы мүмкін еді? Кадр табу, қаржының жетіспеушілігі, айналымды басқарудағы қателіктер — мұның бәрі оған дамуға, өсуге көмекті.
«Тәуекелге барыңыз, тәртіппен әрекет етіңіз. Ақша сәттілік әкелмеуі мүмкін. Бірақ үйдің іргетасы сияқты, бизнеске салынған шынайы ниет көзге түспегенмен, бәрі соған байланысты»,-дейді Гүлшат Жұмабекқызы.
Құрылыс нарығында импорт өнімдер жеткілікті болды. Ал Гүлшат сапалы әрі арзан отандық өнім жасауды ниет етті.
Осылайша, «Batys» және «Elite» брендті плитка желімі пайда болды. Тұтынушылар оны тез таныды. Біреуі күнделікті жөндеуге, екіншісі кәсіби құрылысқа арналған.
Осы жылдар ішінде өндіріс өсті. Қызметкерлер саны 10 адамға дейін өсті, ал жеткізу аймағы Ақтөбе, Атырау және Оралды қамтыды. Өнімдер құрылыс материалдары дүкендері арқылы және өңірдің орталық базарларында сатылады.
Сонымен қатар, 2024 жылы компания тағы бір маңызды қадам жасап, кірпіш қабырғалар қалау кезінде қажет тор өндіре бастады. Бұл өнімге де сұраныс жоғары болды. Ал бүгінде «MNS» Ақтөбе қаласының барлық ірі құрылыс салушыларымен ынтымақтасады. Бұл бағыт компанияның құрылыс материалдары нарығындағы позициясын нығайта отырып, дамудың жаңа кезеңі болды.
Өндірістегі амбицияны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы жылына 19,25%-бен несие алды. «Даму» Қорының субсидиясы мөлшерлемені 8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Қазір «MNS» ЖК қарқынды дамып келеді. Ассортиментті кеңейтіп, басқа өңір нарығына шығуға дайындалуда.
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, өнеркәсіп аймағы 474 ғимарат.
Байланыс деректері: +7 701 556 8134