menu
Жабу

Кеңес ал!

ЖШС «ALFA Textile» табыс тарихы: автотекстиль саласындағы жаңа отандық бренд.

25.09.2025

2024 жылдың тамыз айында Павлодар қаласында «ALFA Textile» ЖШС тіркелді - бұл жас, бірақ өршіл жоба, автомобильдік тоқыма өнімдерін өндіру саласында жергілікті брендті дамытуға бағытталған.

Компанияның басшысы - Касенов Канат Жанатбекұлы, 1991 жылы туған.

Кәсіпорынның негізгі қызмет бағыты - дайын тоқыма өнімдерін шығару, бұл өз кезегінде жаңа бағыт - автомобильдік тоқыма өндірісін бастауға мүмкіндік берді.

Компания алғашқы күндерінен бастап алдына айқын мақсат қойды - сапасы мен бағасы жағынан импорттық баламалармен бәсекелесе алатын қазақстандық сапалы өнім шығару.

Жобаны іске қосу үшін кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан қаржыландыру сұрап, «Даму» қоры арқылы мемлекеттік қолдаудың көмегімен төмендегі көлемде қаржы алды:
• Инвестициялық мақсаттарға - 15 млн теңге: тігін жабдықтарын сатып алу, материалдар мен лекалдарды дайындау, цехты іске қосу;
• Айналым қаражатын толықтыруға - 5 млн теңге.
Екі несиеге де 85% мөлшерінде Кепілдік қоры-1 шеңберінде кепілдік беріліп, бұл жобаның тұрақты басталуына және тәуекелдердің азаюына мүмкіндік берді.

Алынған қаражатқа тігін өндірісі ұйымдастырылып, заманауи материалдар - экокожа, EVA, тоқыма сатып алынды, персонал дайындалып, өнімнің сынақ партиясын шығару басталды.

Дайын өнім - автокөлік қаптамалары мен төсеніштері - автосервистер, дилерлер, автотауарлар дүкендері және онлайн платформалар арқылы сатылады.
Жоба келесі мақсаттарға бағытталған:
• Импортты алмастыру (шетелдік өнімдерге тәуелділікті азайту),
• Қазақстандық жергілікті брендті дамыту,
• Павлодар өңірінде жаңа жұмыс орындарын құру.
«ALFA Textile» жобасы - мемлекеттік қолдау мен кәсіпкердің табандылығы арқасында өндірістік бизнесті нөлден бастап, бірден өз нарығында болашағы зор ойыншы ретінде танылуға болатынын көрсететін жарқын мысал.

Мекенжайы: Павлодар қ., Ак.Сәтбаев к-сі, 285/2 үй

Телефон: 8-705-366-33-69

Инстаграм: @alpha_textile_pvl