Кеңес ал!
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) кәсіпкерлерге негізгі 3 құрал бойынша қолдау көрсетіп келеді. Олар: жеңіл несие, кепілзат жеткіліксіз болған кезде қарызға ішінара кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Биыл Қор ауқымды трансформациядан өтіп жатыр. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге үйреншікті құралдар сақталып қалды. Бірақ олардың ішкі құрылымы сапалы түрде өзгерді. Осылайша олар жылдам жұмыс істеп, жақсы нәтиже береді. Қор нарықтық емес қолдау механизмдерінен неғұрлым тұрақты және ұзақ мерзімді шараларға біртіндеп көшетін болады.
Мәселен, биылғы маусым айында «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау құралына тиімді баламасы болмақ және кәсіпкерлердің қаржыны кідіріссіз алуына мүмкіндік береді. Шарттары ыңғайлы. Мерзімі 10 жылға дейін. Осы уақыт ішінде 12,6%-дық мөлшерлеме өзгермейді. Алматы қаласында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 56,6 млрд теңге болатын 114 жоба қолдау алды.
Кепілдік беру құралы бойынша биыл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін екі «Кепілдік қоры» іске қосылды. Енді кәсіпкерде кепілмүлік тапшы кезде «Даму» Қоры жобалар үшін 7 млрд теңгеге дейінгі қарыз алардағы портфельдік кепілдікті өте қысқа мерзімде – 2 жұмыс күні ішінде береді. Кепілдік несие сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын соманы жабады. Несие, лизинг мәмілелері және келісімшарттарды орындау кезінде пайдалануға болады. Алматы қаласында 2025 жылдың 9 айында несие сомасы 43,3 млрд теңгеге 255 кепілдік шартына қол қойылды, оның ішінде Қордың кепілдігі 24,2 млрд теңгені құрады. Жобалардың ең көбі өңдеу өнеркәсібі, тұру және тамақтандыру қызметтерін қамтамасыз ету, көлік пен қойма саласында.
Бүгінгі таңда Қор алматылық кәсіпкерлердің жалпы сомасы 2,3 триллион теңгені құрайтын 20 600-ге жуық жобасын қолдады. Портфельдік несиелердің басым бөлігін (85%) микро және шағын бизнеске, соның ішінде іс бастаушылар мен стартаптар пайдаланатынын атап өткен жөн. Кызмет көрсету мен сауда саласы экономикалық құрылымның негізгі үлесін алып жатса, өңдеу өнеркәсібінде тұрақты өсім байқалады.
Қор бағдарламасына қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық әсері жыл сайын артып келеді. Осылайша, Қор жұмысының бүкіл кезеңінде 17 058 миллиард теңгенің өнімі шығарылып, кәсіпорындардан түскен салық 1 266 миллиард теңгені құрады. 82 мыңнан астам жұмыс орны сақталды және ашылды.
«Шағын және орта бизнес экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады. Біздің міндетіміз – мемлекеттік қолдау құралдары кәсіпкерлердің дамуына, жұмыс орындарын ашуына және нарықтағы позициясын нығайтуға көмектесу. Бұл өңірлік экономиканың тұрақтылығына және адамдардың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді», - деді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Алматы қаласы бойынша өңірлік филиалының директоры Жандос Нұрғазинов.
Пресс тур барысында журналистер «Даму» Қорының бағдарламаларына қатысқан кәсіпкерлердің бизнес-кейстерімен танысуға мүмкіндік алды.
Анықтама үшін:
1.«Juldyz Kenan Co., Ltd» ЖШС – Қазақстандағы катетер, зонд, патологиялық материалдарды жинауға арналған контейнерлер және басқа да медициналық бұйымдар шығаратын жалғыз өндіруші. Компания өнімдері әртүрлі медициналық салаларда, соның ішінде терапия, хирургия, неонатология және педиатрияда кеңінен қолданылады. Өнімнің бүкіл желісі ISO 13485 халықаралық сапа стандартына сәйкес сертификатталған. Компания дизайн мен клиникалық сынақтан бастап орау мен зарарсыздандыруға дейін толық өндірістік циклды жүзеге асырады. Заманауи нысан 7000 шаршы метр аумақта, өндірістік желілерде, зертханада және қоймада орналасқан. Өндіріс процесі таза бөлме жағдайында (H14 класы) орындалатын экструзия, инъекциялық қалыптау, фрезерлеу, құрастыру, орау және зарарсыздандыруды қамтиды. Медициналық аспаптар, құрылғылар мен жабдықтар шығаратын зауыттың құрылысын аяқтау үшін компания «Bank RBK»-дан «Даму-Өндіріс» бағдарламасы бойынша инвестиция үшін жылына 6 пайызбен 500 миллион теңге несие алды. Сонымен қатар, айналым қаражатын толықтыру үшін «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша «First Heartland Jysan Bank» АҚ-тан 66 миллион теңге несие алып, оның 8 пайызын «Даму» қоры субсидиялады, ал қалған 6 пайызын компания өзі төлейді. Жеңіл несиеден бөлек компания 32 781 002 теңгеге Қордың кепілдігін де пайдаланды. Бұл жан-жақты қолдау зауыт құрылысының сәтті аяқталып, іске қосылуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына мүмкіндік берді.
Зауыт мекенжайы: Алматы қ., Медеу ауданы («Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының шегінде).
2. «Алматинская дорожно-строительная компания» ЖШС – жол және азаматтық құрылысқа арналған жоғары сапалы өнім шығаратын, қарқынды дамып келе жатқан отандық компаниялардың бірі. Компания өзін бөлшек және көтерме тапсырыстардың сенімді жеткізушісі ретінде танытты. Компания барлық жеткізілетін өнімдердің белгіленген мерзімдерге мінсіз сәйкестігіне және жоғары сапасына кепілдік береді. Компания белгіленген мерзімдердің мінсіз сақталуына және жеткізілетін барлық өнімдердің жоғары сапасына кепілдік береді. Кәсіпкерліктің дамуында мемлекеттік қолдаудың маңызы зор. 2020 жылы «Даму» Қоры 4,2 миллион теңге кепілдігімен 25 миллион теңге көлеміндегі айналым қаражаты несиесі бойынша пайыздық мөлшерлемені 6 пайызға дейін субсидиялады. Бүгінде компания жергілікті тұтынушыларға жеке тапсырыс бойынша дайындалған жоғары сапалы өнімдерді ұсынады. Соңғы жылдары «Алматы жол құрылысы» кәсіпорны сату нарығын кеңейтіп, көршілес облыстарға өнім жеткізе бастады, өндіріс көлемін айтарлықтай ұлғайтты. 2025 жылы кәсіпорын «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 895 миллион теңге жеңіл несие алған. Бұл қорлар оның нарықтағы позициясын нығайтудың, айналым қаражатының үздіксіз қамтамасыз етілуінің, әрі қарай өсуінің негізгі факторына айналды.
Кәсіпорынның мекенжайы: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Бөкейханов к-сі, 55а.
3. «ALA SINTEZ» ЖШС – Қазақстан Республикасындағы ірі тәуелсіз ұйым. Орталық Азия нарығына арналған металл қаптамалар шығарады. Кәсіпорын қызметінің басым бағыттары: қаңылтыр табақты литография және лактау, тамақ өнеркәсібінде одан әрі пайдалану үшін тәж қақпақтарын өндіру. Ұйым Қазақстан нарығында да жұмыс істейді және өз өнімдерін экспортқа шығарады. Халықаралық СМЖ стандартына сәйкестік, ең алдымен, компания клиенттері үшін кепілдік және ALA Sintez-тегі өндірістік және технологиялық шешімдердің барлық кезеңдері халықаралық талаптарға толық сәйкес келетіндігін растау болып табылады. Әрине, халықаралық СМЖ жүйесін енгізу де компанияның корпоративтік процестерін жаңа деңгейге көтеріп, компания қызметкерлерінің өнімділігін арттырады. Өндірісті кеңейту үшін компания «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша 893 млн теңгеге субсидия алса, «Өңдеу және қызмет көрсету салаларында жұмыс істейтін шағын және орта бизнесті қолдау» бағдарламасы аясында сомасы 349 миллион теңге жеңіл несие алды. «Өрлеу» бағдарламасы аясындағы жеңіл несиенің жалпы сомасы 130 млн.
Компанияның мекенжайы: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Бейсебаев к-сі,153.
4.«Qaz Package» ЖШС – 2023 жылғы 20 қаңтарда тіркелген. Кәсіпорын әртүрлі үлгідегі ет салғыш ыдыс пен тез дайындалатын кеспе табақшаларының 19 түрін шығарады. Өнімдердің алғашқы сынақ партиясы 2024 жылдың қазан айында шығарылды. Жобаның бірегейлігі: сұранысқа ие қаптама өнімдерін жергілікті жерде өндіру арқылы импорттың орнын басу, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірде жұмыспен қамтуды дамытуға ықпал ету, дайын өнімдегі қазақстандық қамту үлесін ұлғайту, қазақстандық өндірушілер мен сауда желілері үшін ет салатын ыдыс пен басқа да қаптамаларды қолданатын өнімдердің қолжетімділігін арттыру. «Bank RBK» АҚ арқылы компания инвестицияға 580,5 млн теңге қаржы алса, «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында 100 млн теңгені айналым қаражатын тоықтыру үшін алды. Бағдарлама шарттарына сәйкес 21,75% пайыздық мөлшерлеменің 13,75%-ын қор субсидиялайды құрайды. Сондай-ақ компанияға 174,8 млн теңгеге Қор кепілдік те берді.
Кәсіпорынның мекенжайы: Алматы қаласы, Индустриал аймақ.
«Даму» Қорының қолдауы тек қаржы құралы ғана емес, сонымен қатар облыс экономикасының дамуына қосқан үлесі. Алматылық кәсіпкерлер үшін бұл өсудің, жаңғыртудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нақты құралына айналады.