Кеңес ал!
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры («Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымы) кәсіпкерлерге үш негізгі құрал арқылы мемлекеттік қолдау көрсетуді жалғастыруда: жеңілдікті қаржыландыру, кепіл жеткіліксіз болған кезде қарыздар бойынша кепілдік беру және пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Биыл Қор ауқымды трансформациядан өтуде. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге таныс құралдар сақталды, бірақ олардың ішкі құрылымы сапалы түрде өзгертілді, осылайша олар тезірек жұмыс істейді және үлкен нәтиже береді. Қор нарықтық емес қолдау тетіктерінен неғұрлым тұрақты және ұзақ мерзімді шараларға біртіндеп көшуді жүзеге асырады.
Мәселен, осы жылдың маусым айында «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды. Бұл құрал пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялаудың тиімді баламасы болуға арналған және кәсіпкерлерге қаржыландыруды қиындықсыз алуға мүмкіндік береді. Шарттар белгіленген пайыздық мөлшерлемемен несие мерзімі 10 жылға дейін 12,6%. Алматы облысында осы бағдарлама бойынша жыл басынан бері жалпы несие сомасы 35,7 млрд теңгеге 60 жоба қолдау тапты.
Кепілдік беру құралы бойынша ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құны 7 млрд теңгеге дейінгі және 7 млрд теңгеден асатын жобалар үшін екі кепілдік қоры іске қосылды. Енді кәсіпкердің кепілмен қамтамасыз ету тапшылығы кезінде «Даму» Қоры жобалар үшін 7 млрд теңгеге дейінгі кепілдіктерді өте қысқа мерзімде - портфельдік кепілдіктің арқасында 2 жұмыс күні ішінде береді. Кепілдік кредит сомасының 85% - на дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын соманы жаба отырып, кредиттерге, лизингтік мәмілелерге және келісімшарттарды орындауға қолданылады. Алматы облысында 2025 жылдың 9 айында кредиттік портфель сомасы 23 млрд теңгеге 108 кепілдік шартына қол қойылды, оның ішінде Қордың кепілдігі 12,6 млрд теңгені құрады.
2025 жылдың басынан бері Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» өңірде 120 жаңа бизнес-жобаға субсидиялау механизмі арқылы қолдау көрсетті. Бұл жобалардың жалпы несиелік портфелі 38,8 млрд теңгені құрады. Қолдау көрсетілген басты салалар қатарында — сауда, өңдеу өнеркәсібі, көлік және қоймалау салалары бар.
«Қазіргі заманда бәрі қарқынды дамып жатқан кезде Қазақстан экономикасы да осы қарқынға сай болуы тиіс. Бұл үдерісте экономиканың дамуына және нығаюына ықпал ететін мемлекеттік қолдаудың рөлі зор..», - деп «Даму» Қорының Алматы облысы бойынша аймақтық филиалының директоры Бакытжан Исаков пікірін білдірді.
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың тиімділігін айқын көрсететін жарқын мысалдардың бірі – «ADVENNTO» компаниясының ашылуы . Аталған кәсіпорын 2025 жылы Алматы облысында құрылып, өз жолын шектеулі ресурстар жағдайында бастаған. Әрбір теңге маңызды болған кезеңде компанияның дамуына мемлекеттік қолдау ауқымды рөл атқарды.
Сол жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры мен «Halyk Bank» АҚ серіктес банкі бірлесе отырып, ШОБ-ты қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарлама (ППРК) аясында компанияға бірқатар қаржылық қолдау құралдарын көрсетті:
· 1,75 млрд теңге көлеміндегі несиеге сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау;
· «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 4,25 млрд теңге сомасында жеңілдетілген несие .
Бүгінде «ADVENNTO» білім беру саласында табысты жұмыс істеп келеді. Оқу орны екі ауысыммен жұмыс істеп, 2 000-нан астам оқушыны оқытса, 80-нен астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Білім беруді дамыту қажеттілігі қазіргі заман талаптарынан туындайды. Бұл салада сапалы өсімді қамтамасыз ету үшін оқу орындарын жаңғыртуға, озық әдістемелерді енгізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға бағытталған, “Даму” қоры ұсынатын арнайы бағдарламалар сияқты мемлекеттік қолдау ресурстарын белсенді тарту аса маңызды.», - дейді компанияның директоры Ержан Майлыбаев.
Алматы облысының дамуына елеулі үлес қосқан жобалардың бірі – алюминий өндіру және өңдеуге маманданған «GLK Extrusions (ГЛК Экстружнс)» зауытының іске қосылуы.
Мемлекет үшін «GLK Extrusions» зауыты ірі отандық алюминий профильдері мен цилиндрлік тіректер өндірушісі ретінде пайдалы. Кәсіпорын қалдықсыз технологияларды қолданып, халықаралық стандарттарға (ГОСТ, EN) сай өнім шығарады. Бұл импортты алмастыруға, экономикалық дамуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді. Сондай-ақ, елімізді заманауи құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіп, жергілікті өндірушілерді қолдайды.
Жобаның жүзеге асуы «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында АҚ «Halyk Bank» арқылы қаржыландырудың арқасында мүмкін болды. Компания 12,6% мөлшерлемемен 500 миллион теңге көлемінде несие қаражатын алды. Мұндай кешенді тәсіл заманауи әрі қауіпсіз өндірісті жолға қоюға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосуға мүмкіндік берді.
Қордан қолдау алған тағы бір өндіріс саласы Алматы облысы , Іле ауданында орналасқан болат металл конструкцияларын өндіретін « SL Group» зауытын айтсақ болады. 2023 жылы негізі қаланған зауыт «Даму» Қорының қолдауымен 2025 жылы «Өрлеу» бағдарламасымен «Forte Bank» АҚ арқылы инвестициялық мақсатта 1 мрлд тг көлемінде несие алды. « SL Group» зауыты ұсынған бұл жоба зауыттар,сауда ойын-сауықтар, әуежай, вокзал сияқты ірі нысандардың құрлысына қолданылатын металл концтруксияларын шығарады.
«Даму» Қорын қолдау-бұл қаржы құралдары ғана емес, сонымен қатар өңірлік экономиканың дамуына қосқан үлесі. Алматы облысының кәсіпкерлері үшін ол өсудің, жаңғыртудың және бәсекеге қабілеттілікті арттырудың нақты құралына айналуда.