Кеңес ал!
«Дорожник» өндірістік кооперативі – тарихы бай кәсіпорын.
Ол 1999 жылы құрылған, ал дамуының жаңа кезеңі 2020 жылы басталды. Сол жылы Досбол Аманов кәсіпорынды сатып алып, тоқтап тұрған өндірісті қайта жандандырды.
Кәсіпкер бұған дейін құрылыс саласында еңбек етіп, ел мен өңірдегі жолдардың жағдайын көріп, нақты әрекет етуге шешім қабылдаған. Содан бері кәсіпорын үздіксіз жұмыс істеп келеді. Мұнда жол және асфальт жабындарын төсеуге арналған битум мен соған ұқсас материалдар өндіріледі.
Әрине, табысқа жету жолы оңай болған жоқ. Жұмыс барысында кәсіпкер бірқатар қиындықтарға тап болды, соның ішінде қиыршық тас пен асфальт өндіруге қажетті инертті материалдардың жетіспеушілігі де бар еді. Алайда бұл сынақтар оны мойытқан жоқ – керісінше, рухын шыңдап, қоғамға пайда әкелуге және өндірісті дамытуға деген талпынысын күшейтті. Шикізаттың жетіспеушілігі кәсіпкер үшін үлкен тәжірибе болды және болашақта жеткізушілерге тәуелді болмау үшін өзіне қажетті ұсатқыш қондырғы орнату туралы шешім қабылдауға түрткі болды.
Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында 2024 жылы компания асфальт араластырғыш «YL90» маркалы қондырғыны сатып алу үшін 164 млн теңге көлемінде қаржыландыру алды. Қаржыландыру АО «Халық Банкі Казахстан» арқылы рәсімделіп, жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында жүзеге асты. Бағдарлама шеңберінде компания үшін несие мөлшерлемесі жылына 8%-ға дейін төмендетілді. Ал 2025 жылы жаңа жобаға кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда кәсіпкер мемлекет тарапынан тағы да қолдау алды — «Даму» қорының «Кепілдік қоры–1» бағдарламасы бойынша 19 921 970 теңге көлемінде кепілдік берілді. Бұл қолдау кәсіпорынның дамуына бағытталған қосымша 75 млн теңге қаржы тартуға мүмкіндік берді.
Бүгінде Досбол Аманов басқаратын кәсіпорын – өңірдегі жол құрылысы нарығында тұрақты әрі сенімді өндіруші, серіктес және бәсекелес. Егер алғашқы кезеңде штатта бар болғаны 3–4 адам еңбек етсе, қазір ұжым құрамында өз ісін жақсы білетін 18 білікті маман жұмыс істейді. Өндірістің кеңеюі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы заңды түрде табыстың артуына және бизнестің дамуына ықпал етіп отыр. Алайда Досбол Аманов мұнымен тоқтап қалуды ойламайды. Оның алдағы жоспары – аймақ бойынша өндірушілерге арналған қойма ғимараттарын салу және өнім жеткізу аясын кеңейтіп, өңір шегінен тыс жерлерге шығу.
Өз тәжірибесімен бөліскен Досбол Аманов жас кәсіпкерлерге мынадай кеңес берді:
«Ісіңізге адал болыңыздар! Әр қадамыңыз кез келген қиындыққа төтеп берсін! Барлығын уақытында және ұқыпты орындауға тырысыңыздар!».
Мекенжайы: Жезқазған қ., Степная көш., 8-үй
Байланыс телефоны: +7 701 762 3151