Әлихан Ағжанбаев кәсіпкерлікке 2016 жылы қаңтар айынан бастап бет бұрды. Start-Up жобасын «Банк Kassa Nova» Ақ арқылы берілген несиемен, «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана отырып жүзеге асыруда. «Харден» ЖК компьютерлік интернет-қызмет көрсетумен айналысады.
«Мен өмір бойы саудамен айналыстым. Нарықта қай салада орын бар екенін, сұраныс көп екенін анықтау сондықтан да қиын болмады. Серіктесім Юровских Александрмен ақылдаса келе мүлдем басқа бағытта жаңа іс бастадық»,-дейді Әлихан Ағжанбаев.
Серіктестер «КазЭкоПром» атты ЖШС ашты. «Даму» қорына келіп, Алматы облысының Қапшағай қаласында шампиньон өсіруге арналған жылыжай ашу жайлы ұсыныс жасады. Биыл мамыр айында «Банк Kassa Nova» мен «Даму» қоры жобаны мақұлдады. Несиенің 75%-ына «Даму» қоры кепілдік берді.
Жастардың бизнес жобасы бойынша өнім қарқынды әдіспен өсіріледі. Жылыжайда микроклимат қатаң бақылауда болып, тиісті температура мен ылғалдық сақталуы тиіс. Жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда компания жыл бойы өнім алуды көздейді.
«Саңырауқұлақты көп тағамға қосуға болады. Қуырып, қайнатып, бұқтырып, маринадтап, шыжғырып пісіруге келеді. Енді елдегі ең танымал брендті шампиньоны «КазЭкоПром» ЖШС өсіреді»,-дейді Юровских Александр.