Кеңес ал!
«QazPromPv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – кез келген күрделі металл құрылымдарын өндіру, жабдықтар мен техниканы жеткізумен табысты айналысатын қазақстандық компания. Құрылған сәттен бастап кәсіпорын инновациялық шешімдерді енгізіп, өнім түрлерін кеңейте отырып, белсенді дамып келеді.
Компания қызметінің негізгі бағыттарына өрттің алдын алу және оны жедел оқшаулау мақсатында қолданылатын орман өртке қарсы жабдықтарын өндіру, мәдени екпелерді отырғызу мен топырақты қопсыту процесін жеңілдетуге арналған орман шаруашылығы техникасын шығару, сондай-ақ шалғай елді мекендерді үздіксіз электрмен қамтуға мүмкіндік беретін дизельді электр станцияларын өндіру кіреді. Бұдан бөлек, компанияда жоғары білікті инженер-конструктор жұмыс істейтін металл құрылымдарын жобалау және дайындау бағытына ерекше көңіл бөлінеді.
Өз қызметін кеңейту және жаңа бағыт – металл бөшкелер мен өзге де бұйымдар өндірісін іске қосу мақсатында «QazPromPv» ЖШС «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы қаржылай қолдау алды. Компания жалпы сомасы 23 770 000 теңге болатын несиені 21,75% мөлшерлемемен рәсімдеді, оның ішінде 13%-ын «Даму» қоры субсидиялайды. Мемлекеттік «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы» аясында көрсетілген қолдау кәсіпорынға қаржылық жүктемені едәуір азайтып, өндірістік базаны жаңғыртуға, заманауи жабдықтар сатып алуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
Компания басшысы Попов Никита Владиславович бұл қолдаудың маңыздылығын атай келе: «Мемлекет қолдауы мен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бағдарламасының арқасында біз жаңа бағытты дамытып, өндірістік қуаттылықты арттырып, жаңа жұмыс орындарын аштық. Мұндай көмек шағын бизнестің дамуына және алға ілгерілеуіне нақты мүмкіндік береді», – деді.
Бүгінде «QazPromPv» ЖШС сенімді түрде дамып, ішкі нарықтағы позициясын нығайтуда, жаңа технологиялық бағыттарды игеріп, экспортқа шығуға дайындалуда. Компания Қазақстанның өнеркәсіп және шаруашылық салалары үшін сапалы әрі тиімді шешімдер ұсынатын сенімді серіктес болып қала береді.
Мекенжайы: Павлодар қ., Шығыс өнеркәсіп аймағы, 233
Тел.: +7-776-000-80-88
Веб-сайт: https://qazprompv.kz/
Instagram: @qazprompv