Кеңес ал!
Айгүл Шонқалова – ата-енесінің қолында тұратын қарапайым, ауылдың келіні. Қазір табысты кәсіпкерге айналып, көпшілікке үлгі болып отыр. Оның кәсіпкерлік жолы үш жыл бұрын басталды. Ол білім беру бағдарламасына қатысып, кәсіпкерліктің негіздерін тегін меңгерді. Әр бағытқа бөлінген курста ол аниматор костюмдерін жалға беру ісін таңдады. Бағдарлама ұйымдастырған байқауда екінші орынды жеңіп алып, сыйлыққа екі кейіпкердің костюмін иеленді. Осы костюмдермен той-мерекелерден тапсырыс алып, қайынсіңлісімен бірге балаларды ойнатып, алғашқы табысын тапты. 2022 жылдың қыркүйегінде Ол жобаға қатысып, грант жеңіп алды. Бұл қаржының бір тиынын да ысырап етпей, түгелімен жаңа аниматор киімдерін сатып алуға жұмсады. Команда жинап, кәсібін кеңейтіп, тапсырыстар күннен-күнге көбейе түсті. Тіпті аниматор киімдерін сатып алғысы келетіндер де көбейді. Сұраныстың артқанын көріп, Айгүлде жаңа ой туды — осы костюмдерді өзі тігіп үйрену. Ол Атырау қаласындағы шеберлерден пішу үлгілерін сатып алғанымен, олар көңілінен шықпады Содан кейін ол тігін курсына жазылды. Бір ай бойы қаладағы сән үйінің кәсіби шеберлерінен тегін білім алып, тігін өнерінің қыр-сырын меңгерді. Кейін «Даму» қорынан кеңес алып, барлық құжаттарын жинап, 8 пайызбен жеңілдетілген несие рәсімдеді. Бұл қаражатқа шеберханаға арналған нысан сатып алып, бес тігін машинасын алды және төрт тігіншіні жұмысқа қабылдап, аниматор костюмдерін тігуді бастады. Бұл кәсіппен Айгүлге бір жылға жуық айналысып келеді. Жақында ол Астана қаласында өткен отандық өнім өндірушілердің «Ulttyq ónim» атты ірі көрмесіне қатысып, өз тауарларын таныстырды. Бұл шарада еліміздің түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлермен тәжірибе алмасып, кәсібіне жаңа серпін алды. Мемлекеттік қолдаудың және «Даму» қоры бағдарламаларының арқасында Айгүл өз ісін дамытып, отандық өнім өндіруге үлес қосып отыр. Бүгінде ол тек өзіне табыс тауып қана қоймай, өзгелерге де жұмыс беріп, ауыл әйелдерін кәсіпке баулуға үлгі болуда.
2024 жылы «2021–2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында және «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның қолдауымен үй-жай мен жабдық сатып алуға қаржы алынды. Несие мөлшерлемесі жылдық 20,75%-ды құрады, оның 7%-ын кәсіпкер өзі өтейді, ал 13,75%-ы «Даму» қоры тарапынан субсидияланады.
Маңғыстаус облысы, Ақтау қаласы, 33-шағын аудан, 19-үй, 56-пәтер.
+7 701 212 81 89
Инстаграм: @rostovye_kukly_aktau