Кеңес ал!
2025 жылдың қараша айында Ақтөбеде «Ақниет Плюс» ЖШС жаңа филиалының ресми ашылуы өтті. Орталық тарихы әйел денсаулығы саласындағы тәжірибелі маман Гүлнәр Мақсұтқызы Жүнербаеваның арманынан басталған. 2002 жылдан бері науқас қабылдап келе жатқан ол жәй ғана емхана ғана емес, әр пациент жайлы жағдайда білікті көмек ала алатын кеңістік құру туралы шешім қабылдады. Осы мақсатта 2024 жылы аяқталмаған ғимарат сатып алып, оның құрылысын аяқтап, заманауи жабдықтау үшін «Forte Bank» АҚ арқылы несие алды. «Даму» Қоры мемлекеттік бағдарлама аясында қарыздың сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялады. Бұл – жобаны экономикалық жағынан тұрақты етіп, жоспарлардан нақты іске тезірек көшуге мүмкіндік берді.
Ауданы 1120 шаршы метрден асатын заманауи үш қабатты ғимарат заманауи стандартта жабдықталған және өңір тұрғындарына медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады. Оның ішінде:
рентгенография және флюорография;
ультрадыбыспен диагностикалау;
зертханадағы талдау және функционал диагностика;
барлық сала дәрігерлерінің қабылдауы;
заманауи әдістерді қолдана отырып жедел емдеу;
вакцинация, соның ішінде жатыр мойны обырына қарсы екпе;
жүкті әйелдерді қадағалау және әйел денсаулығын қадағалау.
Қазір жаңартылған медициналық орталықта әр түрлі жастағы науқастар күн сайын қабылданады. Аудан тұрғындары үшін бұл жай ғана қызмет көрсететін орын емес, бұл – сапалы әрі қолжетімді медицинаға жасалған қадам, ал қызметкерлер үшін кәсіби өсудің жаңа кезеңі.
«Ақниет Плюс» ЖШС жобасы – сауатты басқару, кәсібилік және мемлекеттің қолдауы кәсіпкерлерге шын мәнінде әлеуметтік маңызы бар бағыттарды дамытуға қалай көмектесетінінің мысалы.
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, ш / а.12ВГ, 23 үй
Байланыс деректері: +7 705 724 48 63
instagram: @akniet_plus_aktobe