menu
Жабу

Кеңес ал!

Армандарыңызды бізбен бірге жүзеге асырыңыз: сапа, сенімділік және заманауи технологиялар

17.12.2025

 

Атырау облысының құрылыс саласы қарқынды дамып, кәсіпкерлік пен жаңа технологияларды енгізуге кең мүмкіндіктер ашуда. Өңірдің келбетін өзгертуге белсенді үлес қосып келе жатқан жаңа буын компанияларының бірі — ТОО «ER TAS QURULYS».

2022 жылдан бері жұмыс істейтін бұл жас, бірақ өзін кәсіби әрі сенімді серіктес ретінде танытқан компания тұрақты өсім мен кез келген күрделі жобаларды сапалы орындауды қамтамасыз етіп келеді.

Компания басшысы Рүстем Рамазанұлының айтуынша, ұйымның табысты дамуына Атыраудағы екі жоғары оқу орнын тәмамдап, өңірдегі ірі құрылыс компаниясында жинаған білімі мен тәжірибесі негіз болған. Осы білім мен тәжірибе оған мықты команда құруға және құрылыс өндірісін басқарудың заманауи тәсілдерін енгізуге мүмкіндік берді.

Бүгінде ТОО «ER TAS QURULYS» сұранысқа ие құрылыс материалдарын өндіреді: қаптамалық гиперпресстелген кірпіш, тротуар плиткалары, бордюрлар мен поребриктер, темірбетон бұйымдары.
Сонымен қатар, компания Атырау облысының барлық аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп, ТОО «Базис-А», ТОО «BI Group», ТОО «АйсИнжСтрой» сияқты жетекші ұйымдармен әріптестік орнатқан.

           Өз өндірістік базасының болуы компанияға жұмыстардың толық циклін — материалдарды шығарудан бастап оларды нысандарда қолдануға дейін — дербес орындауға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл өнім сапасының жоғары болуын және тапсырыстардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді.

Компания өнімдерінің артықшылықтары:

Жоғары беріктік және ұзақ қызмет ету мерзімі. Гиперпресстелген кірпіш ылғалға, механикалық күш түсуіне және температура ауытқуына төзімді тығыз құрылымға ие.

Жылу оқшаулаудың жоғары деңгейі. Мұндай кірпішті қолдану ғимараттарды жылыту мен салқындатуға кететін шығындарды азайтады.

Эстетикалық келбет және дәл геометрия. Тегіс беті нысанның көрінісін жақсартып, қаптау жұмыстарын жеңілдетеді.

Монтаждың ыңғайлылығы. Дәл өлшемдері құрылыс процесін жеделдетіп, дайын нысандардың сапасын арттырады.

        Бірнеше жыл ішінде компания қызметкерлер санын 10-нан 50-ге дейін арттырды. Инженерлер, құрылысшылар және техникалық мамандардан тұратын команда әр кезеңде — жобалаудан бастап нысанды пайдалануға беруге дейін — сапаны қатаң бақылаудан өткізеді. Бұл тәсіл қателіктерді азайтып, құрылыстың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

          Өндірісті кеңейту және тиімділікті арттыру мақсатында ТОО «ER TAS QURULYS» «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы арқылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан 12,6% тиімді мөлшерлемемен қаржыландыру алды. Бұл қолдау компанияға өндірістік қуатты ұлғайтуға және өңірдегі қызмет ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мекенжайы: Атырау қ,Сары Өзек өнеркәсіптік аймағы,10

Байланыс:87003337060

Instagram: er.tas.qurlys