22.12.2025
Арманнан – іске: идеяны бизнеске айналдыруға көмектесетін 16 апта
Іс бастаушы алматылық кәсіпкерсіз және бизнес-идеяңызды жүзеге асыруды армандайсыз ба?
«АРМАННАН – ІСКЕ» АКСЕЛЕРАЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ СІЗ ҮШІН!
ҚАТЫСУ ТЕГІН. БАР-ЖОҒЫ 50 ОРЫН БАР.
Бірінші топқа өтінім қабылдау 2025 жылғы 2 желтоқсанда басталады және топ толтырылғанға дейін жалғасады. Бұл – пилоттық топ және оны Алматыда одан әрі масштабтау жоспарланған.
«Арманнан Іске» акселерация бағдарламасы бизнес-идеясын немесе жобасын жүзеге асырғысы келетін, біреудің қол астында жұмыс істегісі келмейтін, жаңа дүние үйренгісі келетін, өз уақыты мен ресурсына инвестиция салуға дайын Алматылық іс бастаушы кәсіпкерлер мен стартаптар үшін.
Бағдарламаға қатысып, сәтті аяқтаған жағдайда бағдарлама аясындағы басымдық берілген салаларда жобасын жүзеге асыратын және/немесе жоспарлайтын қатысушылар инвестицияларға және/немесе айналым қаражатын толықтыруға 200 млн теңгеге дейін жеңіл несие алып, «Даму» Қорынан арналған қарыз сомасының 90%-на дейінгі кепілдігін пайдалана алады. (Demo Day-да жобаны акселерациялау және қорғау сәтті аяқталған жағдайда).
Жобаны ұйымдастырушы: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Human Capital компаниясымен бірлесіп.
Бағдарламада аясында сіз күтеді:
● Кәсіпкерлік пен бизнес-құралдар негіздерін оқып
● Акселерацияны сәтті аяқтаған жағдайда кепілдік және жеңіл несие алып
● Жобаңыз бойынша өз тәжірибесі мен білімімен бөлісетін бизнес-тәлімгермен жеке жұмыс істп, ол сізге қателіктерден қалай аулақ болу керектігін түсіндіріп
● Нақты кейстер талдап, өндіріске барып
● Байланыстарды кеңейтіп, жаңа таныстар табасыз.
Кім қатыса алады: ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер, сондай-ақ бизнес-идеясы/жобасы бар стартаптар, кәсіпкерлердің жасы 30-дан 55 жасқа дейін, жұмыс тәжірибесі: кемінде 10 жыл (корпоративтік немесе мемлекеттік секторда, негізінен басқарушылық, қаржылық, өндірістік, инженерлік және IT-рөлдерде, сондай-ақ білім беру салаларында ); статусы: кәсіптік мансаптан бизнеске ауысу, несие рейтингі: 700 балл-дан бастап (бірінші кредиттік бюро жүйесі бойынша), жобаға өзінің қатысуы жоба құнының кемінде 15%-ы.
Бағдарламаға іріктеу 3 кезеңде өтеді:
1. Өтінім және растайтын құжаттарды беру
2. Біліктілігіне онлайн тест
3. Ұйымдастырушылармен өз идеясының және/немесе жобасының 3 минуттық ойын форматында сұхбат.
Форматы: Алматыда гибридті, онлайн және офлайн
Тілдері: орыс және қазақ
Алғашқы топқа бірінші болып жазылыңыз!
Тіркелу үшін сілтеме:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfSq2mT29JRxwrpqV_t61ywI9NVgtqhKT_pSY1NDR9Mw549EA/viewform
Байланыста болу үшін:
@funddamu,
@humancapitalkz
Анықтама үшін: +7 777 288 9346 Татьяна
«Даму» Қорының байланыс орталығы: 1408