menu
Жабу

Кеңес ал!

Білім – миссия: «Нұр-Орда М» мектебінің құрылу тарихы

25.12.2025

«Нұр-Орда М» мектебі ЖШС өз қызметін 2024 жылы мектеп басшысы, директор Титанова Күміс Үсенқызының бастамасымен бастады. Ол үшін білім беру әрдайым тек кәсіби қызмет саласы ғана емес, үлкен әлеуметтік жауапкершілікке негізделген маңызды іс болды. Мектеп ашу идеясы Ақтау қаласының жаңа әрі халқы тығыз орналасқан шағын аудандарының бірінде жалпы білім беретін мектептердің жетіспеушілігі айқын сезілген кезде пайда болды. Қазақ тілінде қолжетімді әрі сапалы білімге мұқтаж отбасылардың нақты қажеттілігін ескере отырып, мектеп басшылығы ақысыз оқытуды көздейтін жекеменшік мектеп ашу туралы шешім қабылдады. 

Жоба бастапқы кезеңде 50 миллион теңгеге дейінгі инвестициямен іске қосылды. Алғашқы кезеңнен бастап негізгі ресурс тек қаржы ғана емес, сонымен қатар мықты басқару командасы, нақты мақсат пен басшының жеке белсенділігі мен жауапкершілігі екені белгілі болды. Титанова К.Ү.-ның жетекшілігімен мектеп алғашқы айларынан-ақ білім беру үдерісін сапаға, заманауи тәсілдерге және барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерге ағыттап қалыптастырды. Мектептің әлеуметтік бағыттылығына ерекше көңіл бөлінді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қолайлы оқу жағдайлары жасалып, әр оқушыға жеке көзқарас енгізілді. Барлық сынып оқушылары үшін тегін тасымалдау ұйымдастырылды. 

Бірінші сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етілсе, жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға тегін дайындық қарастырылды. Бұл шешімдер мектеп басшылығы жобаның негізіне қалаған құндылықтардың айқын көрінісі болды. Мектептің дамуы қарқынды түрде жүрді. Қысқа уақыт ішінде кіріс көлемі екі есеге өсіп, ұжым 30 қызметкерден 70 қызметкерге дейін артты. Сонымен қатар мектеп айналым қаражатының тапшылығы мен мемлекеттік тапсырыс бойынша қаржыландырудың кешігуі сияқты объективті қиындықтарға тап болды. Басшылықтың басқарудағы икемділігі мен табандылығының арқасында бұл мәселелер сәтті еңсерілді. Мектеп тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі — жеке ғимараттың сатып алынуы болды. 

Өз қызмет аясын кеңейту мақсатында «Нұр-Орда М» мектебі ЖШС мектеп қажеттілігіне арналған коммерциялық нысанды сатып алу бойынша инвестициялық жобаны іске асырды. Жоба «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан қаржыландырылып, «Даму» қорының «Өрлеу» бағдарламасы аясында қолдау көрсетілді. Жылдық пайыздық мөлшерлеме 12,6% болды. Қолдау алғаннан кейін мектепте жаңа жұмыс орындары ашылып, ұжым жас мамандармен және жоғары санатты педагогтармен толықты. 

Бүгінде «Нұр-Орда М» — жүздеген бала білім алып жатқан, ал оқу үдерісі қолжетімділік, сапа және әр оқушыға жан-жақты қамқорлық қағидаттарына негізделген заманауи мектеп. Артқа көз жүгірте отырып, мектеп басшылығы оқушылар санын арттыру мақсатында алғашқы кезеңде толықтай тегін негізде жұмыс істеу әлеуметтік миссия мен қаржылық тұрақтылық арасындағы тепе-теңдіктің маңызын көрсеткен құнды сабақ болғанын атап өтеді. Сонымен қатар Титанова К.Ү. жетекшілік ететін ұжым үшін басты қағида өзгеріссіз қалуда: әрбір бала біздің мемлекетімізде білім алуға құқылы. Алдағы бір–екі жылда мектеп оқушылар санын көбейтуді және сыныптарды заманауи жабдықтармен толықтыруды жоспарлап отыр. Бұл «Нұр-Орда М» мектебінің тегін жекеменшік білім беру саласындағы жетекші ұйымдардың бірі ретіндегі орнын одан әрі нығайта түседі. «Нұр-Орда М» тарихы — мықты басшылық, айқын мақсат пен шынайы жанашырлықтың нәтижесінде тұрақты әрі мағыналы жобалар құруға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал. Себебі өз ісіңе шын жүректен берілсең — бәрі де мүмкін.

Мекенжайы: Ақтау қаласы, 29А шағынауданы, 71/1-үй
Тел.: +7 701 393 85 47
Instagram: @nur_orda_m_mektebi