Кеңес ал!
«Гигиенист VII» ЖШС негізін қалаушы Асем Ктабалиева бизнеске осыдан он жылға жуық уақыт бұрын мемлекеттік қызмет саласынан келді. Осы уақыт ішінде ол бір зертхананы Астана, Ақтөбе, Атырау және Алматы қалаларында жүзден астам қызметкері бар ірі желіге айналдыра білді.
2020 жыл кәсіпорын қалыптасу тарихында ерекше белес болды. Бұл кезең барша үшін ауыр сынақ уақыты болғанына қарамастан, дәл осы жылы санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы алғашқы жеке зертхана ашылды. Жаһандық қиындықтар жағдайында жасалған бұл батыл қадам алдағы қарқынды өсімнің іргетасын қалады.
Дамудың жаңа кезеңі 2024 жылы басталды — бұл уақытта кеңею стратегиясы белсенді фазаға өтіп, Ақтөбе қаласында ауданы 285,3 шаршы метр болатын жер учаскесі бар жеке коммерциялық ғимарат сатып алды. Бұл техникалық базаны айтарлықтай нығайтуға және қызмет түрлерін көбейтуге мүмкіндік берді.
Қазір компания зертханалық зерттеулердің толық циклін, соның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы, бактериологиялық және паразитологиялық зертханалардың жұмысын, сондай-ақ радиологиялық зерттеулер мен жоғары технологиялық ПТР-зертхана қызметін, барлық түрдегі кешенді зертханалық талдаулардан бастап, санитария, экология, дезинфекция, өнімді сертификаттау және жұмыс орындарын аттестаттау мәселелері бойынша бизнеске сараптамалық қолдау көрсетуге дейін ұсынады.
Кәсіпорын мемлекеттік лицензиялар мен аккредиттеу аттестаттарын жоспарлы түрде алып, медициналық және сараптамалық қызметтер нарығында көшбасшылық орындарға ие болды.
Компания ірі мемлекеттік келісімшарттарды сәтті жүзеге асырып, бүкіл Қазақстан бойынша медициналық орталықтармен серіктестік жүйесін орнатқан. Мамандар қатарын үнемі толықтырып отыру және штаттың жоспарлы түрде кеңеюі – бизнестің үздіксіз өсуі мен тұрақтылығының айқын дәлелі
Мекенжайы: Ақтөбе қ., Ақжар тұрғын алабы, 42Б үй
Байланыс мәліметтері: +7 771 216 07 07
Instagram: @gigienist7.kz