Кеңес ал!

12.01.2026

2021 жылы тіркелген AiDi Company «Япоша Sushi» дүкен брендімен қызмет көрсетіп, тұтынушыларға азия тағамдарына арналған сапалы өнімдер мен жоғары деңгейдегі сервис ұсынады.

Компания директоры Айбек Әшімханов кәсіби аспаз мамандарға да, шығыс тағамдарын ұнататын әуесқойларға да қажет ассортимент ұсынады. Атап айтқанда:
       • мінсіз ролл дайындауға арналған нори жапырақтары мен кептірілген нан үгінділері;
          • тунец филесі мен масаго уылдырығы;
          • Tamaki премиум соустары, «Япоша Sushi» дәмінің айрықша белгісіне айналған және өзге де көптеген өнімдер. 

Құрылған сәттен бастап кәсіпкер бизнесті жүйелі түрде дамытып, өнім сапасына, процестерді оңтайландыруға және клиенттермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға баса назар аударды. Соның арқасында «Япоша Sushi» нарықта тұрақты орын тауып, көрсеткіштері ұдайы өсіп отырды.

Өрлеудегі негізгі факторлардың бірі — «Даму» қорымен серіктестік. 2023 жылғы маусымда «AiDi Company» ЖК «Ұлттық жоба» бағдарламасы аясында жеңіл несиені «Банк ЦентрКредиттен» алды. Ол 20 миллион теңге инвестиция мен айналым қаражатын толықтыруға жұмсалды. Бұл – бизнестің одан әрі өсуіне түрткі болды.

Ал 2025 жылы компания масштабтаудың жаңа деңгейіне шықты. Кәсіпкер «Сауда саласындағы кәсіпкерлерге кепілдік беру бағдарламасы» аясында 165 000 000 теңге сомасында несие аларда Қордың 140 000 000 теңге кепілдігін пайдаланды. Қаражат айналым қаражатын толықтыру, атап айтқанда электрондық сауда алаңдарында әрі қарай өткізу үшін тауарлар сатып алуға жұмсалды.

Сайт: aidi.kz
Instagram: @yaposha_pvl, @yaposha_ekb
Мекенжай: Екібастұз қ., Түркістан көшесі, 16