Кеңес ал!

13.01.2026

«KazEcoBuild» ЖШС — өңдеу өнеркәсібі саласында қарқынды дамып келе жатқан кәсіпорын, заманауи құрылыс материалдарын, соның ішінде ұялы-кеуекті бетоннан жасалған CLC block блоктарын өндіреді. Компания 2020 жылғы ақпанда құрылып, сол кезден бастап өзінің өндірістік кешенін дамытудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын стратегиясын табысты түрде іске асырып келеді. Компанияның басшысы — Крайбеков Елдос Нұрланұлы. Ол бұған дейін Астана қаласында мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. 2022 жылы ол Ақтау қаласына қоныс аударып, өңдеу өнеркәсібі саласындағы өндірістік қызметті дамытуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға толықтай ден қойды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты — сенімділік пен ұзақ мерзімділік талаптарына сай келетін, сапалы құрылыс материалдарын өндіретін заманауи, экологиялық қауіпсіз және энергия үнемдейтін өндірісті қалыптастыру. «KazEcoBuild» ЖШС-нің өндірістік алаңы №1 арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан, бұл кәсіпорынға тиімді географиялық орналасу, дамыған инженерлік инфрақұрылым және ыңғайлы логистика мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Аталған факторлар өндірістік және көлік шығындарын оңтайландыруға, сондай-ақ тұтынушыларға өнімді уақтылы жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 60–70 текше метр CLC block құрайды. Алдағы уақытта өндірісті кеңейту және дамыту аясында қуаттылықты тәулігіне 100–110 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отыр. Өнім шығару заманауи жоғары технологиялық жабдықтарды қолдану арқылы жүзеге асырылады, бұл өнім сапасының тұрақтылығын және нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Компания қызметінде экология және энергия тиімділігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Өндірістік үдеріс қоршаған ортаға зиянды затттар шығармау қағидасымен ұйымдастырылған. Құрылыс материалдарының жылу ұстау деңгейі өте жоғары. Жобаның іске асуының арқасында шамамен 25 тұрақты жұмыс орны құрылды. Өндірісті кеңейту және жаңа бағыттарды іске қосу аясында қызметкерлер санын 50-ге дейін арттыру жоспарлануда, бұл өңірдегі жұмыспен қамту деңгейінің өсуіне ықпал етеді.

Кәсіпорын дамуының маңызды кезеңі Terrazzo плиткаларын өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және жаңа өндірістік цех салу бойынша инвестициялық жобаны іске асыру болды. Аталған жоба «Даму» қорының қолдауымен «Өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу» бағдарламасы аясында жүзеге асты. «Даму» қорының қолдауы «KazEcoBuild» ЖШС-не өндірістік қуаттарды кеңейтуге, шығарылатын өнім түрлерін әртараптандыруға және құрылыс материалдары нарығындағы позициясын нығайтуға мүмкіндік берді. Қазір таңда кәсіпорын тұрақты дамуын жалғастырып, Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібі мен экономикасының дамуына өз үлесін қосып келеді. 

Мекенжайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ 5, №1 АЭА, 37/25 ғимарат
Тел.: 8 778 944 94 56