Кеңес ал!

06.01.2026

Ташинова Дина Нұрланқызы — кәсіби хореограф, жастайынан би өнеріне қызығатын. Би оның өмірінде жай ғана хобби емес, уақыт өте келе табысты әрі сұранысқа ие бизнеске айналған шынайы құмарлық болды.

2021 жылы қыркүйек айында Дина «Adiyat» ән-би ансамблін құрды. Ансамбльдің алғашқы жетістіктерін көрген соң 2022 жылғы қыркүйек айында ол «Ташинова» жеке кәсіпкерлігін ресми түрде тіркеді. Дина кәсібін 2 млн теңге бастапқы капиталмен жалғыз бастады. Бұл қаражатты негізінен сахнаға арналған костюмдерін тігуге жұмсады, алайда арнайы материалдар мен білікті мамандардың тапшылығына байланысты қиындықтар да туындады.

Ансамбльдің негізгі қызметі — би мен салт-дәстүр жоралғыларын ұйымдастыру және өткізу, үйлену тойларына, той-жиындарға, «қыз ұзату» рәсімдеріне қатысу, сондай-ақ мереке және мәдени-көпшілік іс-шараларда әртіс ретінде өнер көрсету.

Қызмет атқарған уақыт ішінде ансамбль елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Соның ішінде ең маңызды жетістіктердің бірі: «Жыл ансамблі — 2025» атағына ие болуы.

Өңір тұрғындарының және одан тысқары елді мекендердің шығармашылық әрі рухани әлеуетін дамытуға үлес қоса отырып, 2025 жылдың соңында Дина келесі маңызды қадам — жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамытуды көздейтін «Adiyat» шығармашылық студиясын ашуға шешім қабылдады. Бұған жеке жағдайлар да әсер етті. Дина би өнерімен белсенді айналысатын екі қыздың анасы. Көптеген ата-аналар көлік қатынасының қиындығы мен жұмысбастылыққа байланысты қиындықтарға тап болады.

Жобаны жүзеге асыру мақсатында Дина «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірлесіп жүгінді. Нәтижесінде «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасы аясында жылына 12,6 % мөлшерлемемен мемлекеттік қолдауға ие болды.

«Adiyat» студиясының бірегейлігі — би бағыттарының алуан түрлілігінде: қазақ, хорезм, ұйғыр, өзбек, үнді, шығыс және араб билері, 80-жылдар стиліндегі ретро бағыттар, барабан шоуы, қонақтармен интерактивті бағдарламалар. Сабақтар жас ерекшелігі мен дайындық деңгейіне қарай топтарға бөлініп өткізіледі. Сонымен қатар студия шеберлік сабақтарын, мерекелік іс-шараларды ұйымдастырады және сабақтан кейін балаларды үйіне дейін жеткізу қызметін ұсынады.

Қазір «Adiyat» ансамблі мен студиясы тұрақты дамып, ұлттық және отбасылық іс-шараларды ұйымдастыру саласында қызмет ететін Ұлытау облысындағы кәсіпкерлер арасында елеулі бәсекелестердің бірі болып табылады. Сонымен қатар Дина қол жеткізген жетістіктерімен шектелуді жоспарламайды: алдағы уақытта кадрлық құрамды кеңейту, жоғары білікті педагогтарды тарту және шәкірттер санын арттыруды көздеп отыр.

Мекенжайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Гагарин 18 к-сі

Контакт: +7 747 397 4357

Instagram: @adiyat_oner_academia