menu
Жабу

Кеңес ал!

Алғашқы қадамдардан тұрақты өсімге дейін

15.01.2026

Жұманазарова Әсел – тоқыма өнеркәсібі саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Оның бизнестегі қадамы 2000 жылдардың ортасында Қытайға сапары кезінде мата, тоқыма нарығымен алғаш танысқан кезде басталды. Сол бұйымдарға деген қызығушылық студент кезінен жүрегіне ұялап, кейіннен тұрақты кәсіби бағытқа айналды.

Алдымен мата, перделер сатумен айналысты. 2007 жылы өз дүкенін ашты.

Дамудың негізгі кезеңі ірі жеткізушілермен ынтымақтастық және сенімді серіктес ретінде бедел қалыптастыруға мүмкіндік беретін алғашқы көтерме саудаға кіріскен кезде басталды. 2021 жылдан бастап ол перделердің барлық түрі мен механизмін, шілтер, HoReCa сегментіне арналған тоқыма бұйымдар (қонақ үй, мейрамхана, дәмхана) премиум санатты тоқыма бұйымдар бағытын белсенді дамытуда.

2023 жылға қарай Әсел ұйымдармен және білім беру мекемелерімен ірі келісімшарттар жасай отырып, заңды тұлғалар мен корпоративтік клиенттерге қызмет көрсету деңгейіне көтерілді. Алайда жалға алынған ғимаратқа тәуелді болатын. Тар аумақ ассортименттің кеңеюіне кедергі келтірді, ал тұрақты жалдау төлемдері мен меншік құқығының болмауы болашаққа сенімділік бермеді.

2025 жылы өзіне ғимарат сатып алу туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты Әсел «Өрлеу» бағдарламасы бойынша «Нұрбанкке» жүгінді.

«Өз ғимаратым мүлдем жаңа көкжиектер ашты. Меншік иесі болу орынды өзгерту ғана емес, ауқымды кеңею кезеңіне өтуге де мүмкіндік берді. «Нұрбанк» АҚ мен «Даму» Қорының арқасында жеңіл несие алу маған тәуелсіздік алып, сенімді дамуға көмектесті»,-дейді Әсел.

Қостанай қаласы, Чехов к-сі, 177/5

8 775 977 66 99

Instagram: @perdeler_kostanai