Кеңес ал!
«Pana Unique Semey» – қаланың мәдени-тарихи нысандарының бірі болған Мусиндер диірменінің ғимаратын қайта қалпына келтіріп, ашылған заманауи кешен.
1890 жылдардың басында көпес Мусиндер салған қаланың алғашқы механикаланған диірмені сол кезеңнің маңызды өнеркәсіп нысаны болған. Бұл ғимарат ұзақ уақыт бойы тарихи қор ретінде пайдаланылмай тұрды. «Pana Unique Semey» ЖШС жүргізген реставрация нәтижесінде ғимарат сәулет түпнұсқасын және мәдени құндылығын сақтай отырып, жаңа функцияға ие болды. Нәтижесінде 2025 жылдың соңында кәсіпкер Абраев Полат Оңласынұлы «Pana Unique Semey» атты қонақүй кешені іске қосылды. Бұл – Семей қаласындағы ең ірі инвестициялық жоба және жаңа туристік орталық. «Pana Unique Semey» қонақүй кешенінің жалпы ауданы 10 000 шаршы метр. Кешенде 90 нөмір ашылған, оның ішінде өңір мәдени мұрасындағы негізгі тұлғалар – Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлы және Федор Достоевскийдің әдеби кабинеттері түрінде жасалған төрт люкс нөмір бар. Бұл бөлмелер кешенді бірегей етіп, мен мәдени ерекшеліктің ажырамас бөлігіне айналды. Қазір мұнда 105 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Сондай-ақ кешен жанынан «Tary» кофеханасы ашылды. Болашақта «Sandyq» мейрамханасы, италия мейрамханасы және Madlen кондитерлік дүкенін ашу да жоспарланған. Бұл толыққанды сервистік экожүйе қалыптастырып, нысанды туристер үшін қызықты әрі жайлы ете түспек.
2025 жылы «Өрлеу» жеңілдікпен несиелеу бағдарламасына қатысу нәтижесінде компания «Freedom Bank» АҚ арқылы 3 млрд теңге несие алды. Соның арқасында тарихи нысанды сақтап қала отырып, бұрынғы диірмен ғимаратын реставрациялау және қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, заманауи функционалға бейімдеген инвестициялық жобаны іске асырды.
«Pana Unique Semey» өткен мен бүгінді ұштастырып, қараусыз қалған өнеркәсіптік ғимаратты заманауи кеңістікке айналдырды және қаланың бай тарихын айқын көрсететін нысан ретінде қалыптасты.
«Pana Unique Semey» ЖШС
Байланыс телефоны: +702 222 29 68, +7 702 222 25 23
Мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Р. Ильяшев көшесі, 45А
Инстаграмм: @pana_hotels