Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» басқармасы 2025 жылға арналған қайырымдылық көмек көрсету туралы Жылдық есепті бекітті.
22.01.2026
Қордың 2025 жылға арналған бекітілген бюджетіне сәйкес, қайырымдылық бастамаларын іске асыруға 5 миллион теңге бөлінді. Қайырымдылық қаражаты медициналық және оңалту көмегін қажет ететін, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету үшін «Айналайын Ботақан» жеке қорына берілді.
Қордың қолдауының арқасында 10 бала кешенді емдеу және оңалту курсынан сәтті өтті. Қайырымдылық қорымен ынтымақтасатын клиникада балаларға мынадай диагноздар бойынша көмек көрсетіледі: балалар церебралды сал ауруы, аутистік спектр бұзылыстары, зейін тапшылығы және гиперактивтілік синдромы, психикалық, сөйлеу және психомоторлық дамудың тежелуі, сондай-ақ орталық жүйке жүйесінің басқа да аурулары.
Оңалту бағдарламалары білікті мамандардың, соның ішінде неврологтар, реабилитологтар, логопедтер, психологтар, АВА-терапистер және емдік дене шынықтыру нұсқаушыларының қатысуымен әр балаға жеке әзірленеді. Емдеу барысында функционалдық және аспаптық диагностиканың заманауи әдістері, оның ішінде бейнемониторингі бар электроэнцефалография және түнгі ұйқы мониторингі қолданылады.
Қор қайырымдылық қаражатының мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізді. Бөлінген қаржының толық әрі тиімді жұмсалғанын растайтын есеп алынды.
Бекітілген Жылдық есеп бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға, Қордың ресми интернет-ресурсында орналастырылуға, сондай-ақ 2025 жылға арналған Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму»-ның Жылдық есебіне енгізілуге жатады. Бұл Қордың ашықтық пен жариялылық қағидаттарына адалдығын растайды.