Кеңес ал!
Жұмсақ және кеңсе жиһазын өндіретін «A.Priori» фабрикасы Батыс Қазақстан облысында жұмыс істеп келе жатқанына шамамен 30 жыл болды. Кәсіпорын «Даму» қорының қолдауы арқасында шағын бизнесті табысты дамыту мысалдарының біріне айналды. Алынған жеңілдетілген несиелер өндірісті жаңғыртуға, заманауи құрал-жабдықтар сатып алуға және жаңа бағыт — кеңсе орындықтары мен креслоларын шығаруға мүмкіндік берді.
Жаңғырту аясында фабрика өндірістік аумақтарын кеңейтті, электр желілерін жаңартып, жаңа технологиялық процестер енгізді және өнім көлемін арттырды. Бүгінде кәсіпорынның өндірістік қуатында 30-дан астам ағаш өңдеу станогы, 22 тігін машинасы және Германия, Италия және басқа елдерден әкелінген жоғары технологиялық жабдық бар.
«A.Priori» фабрикасы толық цикл бойынша жұмыс істейді — дизайн әзірлеуден бастап дайын өнім шығаруға дейін. Кәсіпорын жеке тапсырыс берушілерге де, мемлекеттік және корпоративтік ұйымдарға да жоғары сапада қызмет көрсетеді. Фабриканың жылдық өндірістік қуаттылығы 10 000 дана жиһазға, ал өнім ассортименті 77 түрлі модельге жетеді.
Кәсіпорын кадрлық әлеуетті дамытуға ерекше мән береді: қызметкерлерді оқытады, жаңа технологияларды енгізу үшін шетелдік мамандарды тартады, сондай-ақ студенттерге өндірістік тәжірибе ұйымдастырады.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында «A.Priori» нарықтағы орнын айтарлықтай күшейтті және Батыс Қазақстан облысындағы кеңсе креслолары мен орындықтарын өндіретін жалғыз фабрика ретінде импорттық өнімдермен табысты бәсекеге түсіп, ел бойынша өз үлесін кеңейтіп келеді.
Мекен-жайы: БҚО, Орал қ, Потанин к-сі, 5
Телефон: +7 701 962 36 50
instagram: apriori_mf