Жетістікке жету үшін сұранысқа ие қызмет түрі саласында бизнес ашу керек. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде белсенді болу керек, - дейді Ақтөбелік кәсіпкер Талғат Сариев.
- Фастфудқа әрқашан сұраныс болады. Бұрындары мен киім сатумен айналысып көрген едім. Қазір фастфуд бизнесіне көштім, – дейді Т.Сариев.
Өз бизнесін жолға қою үшін ол әлеуметтік желідегі интернет-жарнаманы пайдаланып келеді.
-«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының КҚКО жанында «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау» бағдарламасы бойынша өткен оқудан соң көп нәрсеге көзім ашылды. Бизнесте жүргеніме 4 жыл болса да клиент тарту, кеткен клиентті қайтарып алу, бизнес-жоспарды есептеу барысы, жеңілдіктерді қалай жасауға болады деген сияқты көптеген маркетингтік тәсілдерді үйрендім. Мұның барлығы жұмыс барысында керек дүниелер,- дейді ол.