21.04.2020
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы
«Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
- Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:
- төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;
- жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;
- дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленсін.
Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:
- міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;
- міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.
- 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:
- әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;
- жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне «0» коэффициенті белгіленсін.
Қаулының толық мәтінімен https://primeminister.kz/kz/decisions/20042020-224
сайтында танысуға болады