Қазақстанда жиһаз өндірісі жыл сайын қарқын алып келеді. Сәйкесінше, бұл кәсіпке қажет ДСП, ЛДСП, МДФ секілді материалдар шығаратын цехтар саны да артуда.
Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан «ТК-Usta» ЖШС ДСП, ЛДСП, МДФ, ЛМДФ секілді жиһаз өндіруге қажет құрылыс материалдарын шығарумен 2012 жылдан бастап айналысады. Базардағы көп жылдық тәжірибенің арқасында олар ағаш түрлері жайлы ақпаратты толық біледі. Ресейдің үздік өндіруші зауыттарымен берік байланыс орнатты. Тасымалды жолға қойды. Мұның бәрі клиенттердің көңілінен шығуға мүмкіндік береді.
Қазір компания «Даму» Қорының бағдарламасын пайдалана отырып, «Цесна банк» АҚ арқылы «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 14%-бен қаржы алды. Бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлеменің жартысын мемлекет өтейді. Сондай-ақ, кепіл мүлік жетіспегендіктен, «Даму» Қоры компанияға кепілдік берді. Қаражатты алған соң компания өзінің айналым қаражатын толықтырды.
Мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Көксай кенті, «КазМИМ» АКХ»
Instagram: @tkustafurniture