Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, Атакент ауылының тұрғыны Жалимшиев Мұрат Құралбайұлы бизнеспен 2011 жылдан бері айналыса бастаған.
Мұрат Құралбайұлының цехы ұннан жасалған тағамдар мен кондитер өнімдерін шығарумен айналысады. Осы мақсатта ол Түркиядан нан өнімдеріне арналған жабдық сатып алды. Мұнымен қатар, кәсіпкердің науат шығаратын да шағын өндірісі бар. Қазір Мұрат Құралбайұлы осы бағыттағы бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Осы жоспарын жүзеге асыру үшін ол «АТФ Банк» АҚ арқылы 14,95%-бен 18 000 000 теңге несие алды. Сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ын мемлекет «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша субсидиялады.
Тел: 8 (702) 111-47-43.